"Мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 маусымда № 18802 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16495 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы";

      қазақ тіліндегі 1-тармаққа өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға беру қағидаларында:

      қазақ тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары";

      қазақ тіліндегі 1-тармаққа өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Осы Мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік кірістер органының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәлімет) уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) ақпараттық жүйені әкімшілендіру бойынша қызметкерге (бұдан әрі – әкімші) өкілеттік беру туралы департамент басшылары бұйрықтарының негізінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің (бұдан әрі – департамент) қызметкерлеріне "Кірістер мен мүлік туралы декларацияларды тапсыру туралы мәліметтер" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АЖ) қол жеткізуді ұсынады.

      Әкімші кірістер мен мүлік туралы декларацияларды табыс ету бойынша міндеттемелерді орындамау фактілерін анықтау бойынша қызметкерге өкілеттік беру туралы мемлекеттік орган актісінің негізінде мемлекеттік органның қызметкеріне (бұдан әрі – пайдаланушы) АЖ қол жеткізуді ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

      қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігі

      20__жылғы "__"________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады