Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде хабарлама нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 628 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 маусымда № 18907 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 24-бабының бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде хабарлама нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы "25" маусымдағы
№ 628 бұйрығымен
бекітілген
  Нысан

Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде хабарлама

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)

Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

Салық төлеушінің атауы / тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қарыз шарттың нөмірі, күні

Берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірістерді тануды мұндай сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру жолымен тоқтату

күні

тоқтатылған күніне есепке жазылған сыйақы сомасы

1

2

3

4

5

6







  20___ жылғы "____" _____________

      Басшы __________________ _______________________________________________________

      (қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Бас есепші ________________ ______________________________________________________

      (қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Ескертпе: "Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде нысанды хабарлама" деген нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Дара кәсіпкер ретінде тіркеу
есебінде тұрған жеке тұлғаға
немесе заңды тұлғаға берiлген
кредит (қарыз) бойынша
сыйақыны есепке жазуды
тоқтата тұру арқылы осындай
сыйақы түріндегі кiрiстердi тану
тоқтатылған кезде хабарлама"
нысанына қосымша

"Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде хабарлама" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде хабарлама" нысаны (бұдан әрі – Хабарлама) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес әзірленді, мұндай тану тоқтатылған Салық кодексінің 314-бабына сәйкес айқындалған есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылады.

      2. Хабарламаны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

      3. Хабарламаны толтыру кезінде:

      1) қағаз тасымалдағышта – шарикті қаламсаппен немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып, толтырылады;

      2) электрондық тасымалдағышта – Салық кодексінің 204-бабына сәйкес толтырылады.

      4. Хабарламаға басшы, бас есепші қол қояды.

      5. Хабарламаны ұсыну кезінде:

      1) келу тәртібінде – қағаз тасымалдағышта екі данада жасалады, мемлекеттік кірістер органының белгісі қойылған бір данасы банкке қайтарылады;

      2) хабарламамен тапсырысты хатпен пошта бойынша – қағаз тасымалдағышта банк пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

      3) ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін, электронды нысанда – банк мемлекеттік кірістер органдардың салық есептілігін қабылдау жүйесінің.

      мәліметтерді қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарламаны алады.

      6. Хабарламаның атауынан кейінгі жолда банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың атауы көрсетіледі.

      7. Хабарламаның 1-бағанында жазбалардың реттік нөмірі көрсетіледі.

      8. Хабарламаның 2-бағанында, мәлімет ұсынылатын салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) көрсетіледі.

      9. Хабарламаның 3-бағанында мәлімет ұсынылатын салық төлеушінің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі.

      10. Хабарламаның 4-бағанында қарыз шарттың нөмірі және күні көрсетіледі.

      11. Хабарламаның 5-бағанында берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірістерді тануды мұндай сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру жолымен тоқтату күні көрсетіледі.

      12. Хабарламаның 6-бағанында берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірістерді тануды мұндай сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру жолымен тоқтатылған күніне есепке жазылған сыйақы сомасы көрсетіледі.

      13. Хабарламадан кейін мәліметтерді толтыру күні және басшының, бас есепшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі, басшының, бас есепшінің қолымен куәландырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады