Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 25.03.2022 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 634 бұйрығымен бекітілген |
Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар), "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленген және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Банктер), бақылау шоттарын ашқаны және жабқаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшалардың қозғалысы мен қалдықтары туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) беру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Қосымша құн салығының Бақылау шоты Қазақстан Республикасының аумағында Банктерде қосымша құн салығын төлеушілер ашатын, қосымша құн салығы бойынша қозғалыстарды есепке алу үшін пайдаланылатын банктік шот болып табылады.
2-тарау. Мәліметтер беру тәртібі және мерзімдері
3. Банктер осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес бірегей сәйкестендіруді көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) кем дегенде, жұмыс күнінде екі сағатта бір рет расталған Мәліметтерді береді.
Банктер Мәліметтерді беруі үшін, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңымен белгілеген тәртіппен Комитеттің "ҚҚС-Blockchain" ақпараттық жүйесі және өзінің ақпараттық жүйелері арқылы өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
Электрондық форматтағы өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерін біріктіру қағидаларына сәйкес жасалатын, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері мен Комитеттің "ҚҚС- Blockchain" ақпараттық жүйесін біріктіруді іске асыру жөніндегі келісімде айқындалады.
Берілетін Мәліметтер, мәліметтерді беруге уәкілетті тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Техникалық проблемаларға байланысты, оның ішінде осы Қағиданың 3-тармағында белгіленген мерзімде Мәліметтерді беру мүмкін болмаған кезде, Банктер техникалық проблемаларды жойғаннан кейін, техникалық проблемалар туындаған сәттен бастап және оларды жойғанға дейін жинақталған Мәліметтерді береді.
Бақылау шотының ашылуы және жабылуы туралы мәліметтер
№ | Атауы | Типі | Анықтамалық |
1. | Бақылау шоты иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН)/ бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) | сандық | |
2. | Бақылау шотының нөмірі (IBAN) | сандық және символдық | |
3. | Бақылау шотының типі | символдық | ағымдағы |
4. | Бақылау шоты мәртебесінің коды | сандық |
1 – шот ашылды, |
5. | Бақылау шотының ашылу күні | сандық және символдық | YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ |
6. | Бақылау шотының жабылу күні (жабылған Бақылау шоттары ғана көрсетіледі) | сандық және символдық | YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ |
7. | Банктің БСК | символдық | |
8. | Бақылау шоты бойынша операциялар түрі | символдық |
1 – шот ашу, |
9. | Банк шоты шартының нөмірі (Бақылау шоты) | сандық және символдық | |
10. | Банк шоты шартының күні (Бақылау шоты) | сандық және символдық | YYYY-MM-DD |
Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
БСК – банктің сәйкестендіру коды
YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ – жылы/айы/күні /сағат/минут/секунд/сағаттық белдеу
БСК – бюджеттік сыныптама коды
ТТК – төлем тапсырмасының коды
IBAN – банктік шоттың халықаралық нөмірі
ID – бірегей идентификатор
Бақылау шотындағы қалдық сомалар туралы мәліметтер
№ | Атауы | Типі | Анықтамалық |
1. | Бақылау шоты иесінің ЖСН/БСН-і | сандық | |
2. | Бақылау шоты иесінің атауы | символдық | |
3. | Бақылау шотының нөмірі (IBAN) | сандық және символдық | |
4. | Бақылау шотының валютасы | символдық | |
5. | Бақылау шотының типі | символдық | ағымдағы |
6. | Бақылау шотындағы қалдық сомасы | сандық | |
7. | Бақылау шоты мәртебесінің коды | сандық |
1 – шот ашылды, |
8. | Бақылау шотының мәртебесі өзгертілген күн | сандық және символдық | YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ |
Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
БСК – банктің сәйкестендіру коды
YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ – жылы/айы/күні /сағат/минут/секунд/сағаттық белдеу
БСК – бюджеттік сыныптама коды
ТТК – төлем тапсырмасының коды
IBAN – банктік шоттың халықаралық нөмірі
ID – бірегей идентификатор
Бақылау шоты бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтер
№ | Атауы | Типі | Анықтамалық |
1. | Бақылау шоты иесінің ЖСН/БСН-і | сандық | |
2. | Бақылау шоты иесінің атауы | символдық | |
3. | Бақылау шотының нөмірі (IBAN) | сандық және символдық | |
4. | Бақылау шотының валютасы | символдық | |
5. | Бақылау шотының типі | символдық | ағымдағы |
6. | Бақылау шотының ашылу күні | сандық және символдық | YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ |
7. | Дебет/кредит операцияларының белгісі | сандық |
1 – дебет, |
8. | Төлем тапсырмасының нөмірі | сандық | |
9. | Бірегей ID транзакциясы | сандық | |
10. | Операция валютасы | символдық | |
11. | Операция БСК | сандық | |
12. | Операция ТТК | сандық | |
13. | Төлем тапсырмасы | символдық | |
14. | Операция жүргізілген күні | сандық және символдық | YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ |
15. | Операция сомасы | сандық | |
16. | Бақылау шоты - корреспондент иесінің ЖСН/БСН-і | сандық | |
17. | Бақылау шоты - корреспондент иесінің атауы | символдық | |
18. | Бақылау шоты - корреспондент ашылған банктің БСК-ы | символдық | |
19. | Бақылау шотының - корреспондент нөмірі (IBAN) | сандық және символдық |
Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
БСК – банктің сәйкестендіру коды
YYYY-MM-DDThh:mm:ssZ – жылы/айы/күні /сағат/минут/секунд/сағаттық белдеу
БСК – бюджеттік сыныптама коды
ТТК – төлем тапсырмасының коды
IBAN – банктік шоттың халықаралық нөмірі
ID – бірегей идентификатор