Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға тұлғаларға рұқсат беру үшін құжаттар тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 471 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 шілдеде № 18985 болып тіркелді.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға тұлғаларға рұқсат беру үшін қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 221 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 10675 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1286 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12963 болып тіркелген, 2016 жылы 12 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 2 шілдедегі
№ 471 бұйрығымен
бекітілген

Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға тұлғаларға рұқсат беру үшін құжаттар тізбесі

      Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мынадай құжаттарды қоса береді:

      заңды тұлға үшін - салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды бір мезгілде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғының және куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      дара кәсіпкер үшін - салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, мердiгерлiк жұмыстардың және/немесе қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жасалған шарттың көшірмесі;

      заңды тұлға үшін - салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, бірінші басшының жеке куәлігінің көшірмесі;

      дара кәсіпкер үшін - салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, жеке куәлігінің көшірмесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады