Сумен жабдықтау және су бұру саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 шілдеде № 18993 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған мынадай нысандар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 4 шілдедегі
№ 481 бұйрығына
1-қосымша

"Қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

  Есепті кезең: 20___ж.
  Индекс: 1-ГНП
  Кезеңділік: жылдық

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

      Нысан қайда ұсынылады: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

      Тапсыру мерзімі: аудандық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.

      Әкімшілік деректерге арналған нысан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.

Облыстың, қаланың атауы

Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша облыстың, қаланың коды

Облыстағы қалалардың жалпы саны (бірлік)

Қалалық елді мекендегі халықтың саны

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылу үлесі, %, 6б./5б. *100

Орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі бар халық саны (адам)

Қалалардағы халықтың жалпы саны (адам)

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған халық саны (адам)

1

2

3

4

5

6

7

8


Облыс (қала) бойынша барлығы, оның ішінде аумақтық бірліктер бөлінісінде







      кестенің жалғасы

Орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік, %, 8б./5б. *100

Қызмет көрсетуші кәсіпорын

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған абоненттер саны (бірлік)

Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша жеке суды есептеу құралдармен қамтылу

Орталықтандырылған су бұрумен қамтылған абоненттер саны (бірлік)

Барлығы, өспелі, (бірлік)

Жеке суды есептеу құралдармен қамтылу, %, 13б./12б.*100

БСН

Атауы

9

10

11

12

13

14

15

      кестенің жалғасы

Тарифтердің деңгейі

Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша су желісінің ұзындығы, км

Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша су бұру желісінің ұзындығы, км

сумен жабдықтау

су бұру

ең жоғарғы, теңге/м3

ең төменгі, теңге/м3

ең жоғарғы, теңге/м3

ең төменгі, теңге/м3

барлығы

оның ішінде тозған

барлығы

оның ішінде тозған

16

17

18

19

20

21

22

23

      кестенің жалғасы

Есепті кезеңде салынған желілердің жалпы ұзындығы, км

Есепті кезеңде реконструкцияланған желілердің жалпы ұзындығы, км

Кәріздік тазарту құрылыс-тарының болуы, 29б.+30б.=28б. (бірлік)

оның ішінде

сумен жабдықтау

су бұру

сумен жабдықтау

су бұру

механикалық тазалаумен (бірлік)

биологиялық тазалаумен (толық) (бірлік)

24

25

26

27

28

29

30

      кестенің жалғасы

Кәріздік тазарту құрылыстарының тозуы, %

Кәріздік тазарту құрылыстарымен қамтылған халықтың саны (адам)

Халықтың тазартылған сарқынды сулармен қамтылуы, 32б./5б.*100

Нормативтік тазартылған судың деңгейі, %

31

32

33

34

      Мемлекеттік

      органның басшысы

      ______________ ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)

      Орындаушы __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)

      20____ жылғы "____"_________________.

  "Қалалық елді мекендерде
сумен жабдықтау және су бұру
қызметтерімен қамтамасыз ету
туралы мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер"

      1. Осы түсіндірме Қазақстан Республикасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласындағы көрсеткіштеріне қол жеткізуді мониторингілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген "Қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" (бұдан әрі - нысан) нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Осы нысан бойынша ақпаратты аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.

      3. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;

      "Облыстың, қаланың атауы" деген 2-бағанда Қазақстан Республикасы облыстарының және қалалардың атауы көрсетіледі;

      "Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша облыстың, қаланың коды" деген 3-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (ӘАОЖ) бойынша облыстың, қаланың коды көрсетіледі;

      "Облыстағы қалалардың жалпы саны" деген 4-бағанда облыстағы қалалық елді мекендердің жалпы саны көрсетіледі;

      "Қалалардағы халықтың жалпы саны" деген 5-бағанда статистикалық деректерге сәйкес облыстың қалалық елді мекендерінде тұратын халықтың саны көрсетіледі;

      "Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған халық саны" деген 6-бағанда қалалық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықталумен қамтылған халық саны көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері бойынша);

      "Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету үлесі, %" деген 7-бағанда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі көрсетіледі, 6-бағанның 5-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі бар халық саны" деген 8-бағанда қалалық елді мекендерде тұратын орталықтандырылған су бұрумен қамтылған халық саны көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері бойынша);

      "Орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік, %" деген 9-бағанда орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі көрсетіледі, 8-бағанның 5-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Қызмет көрсетуші кәсіпорын" деген 10, 11-бағандарда халыққа сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қызмет көрсететін кәсіпорынның БСН және атауы көрсетіледі;

      "Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған абоненттер саны" деген 12-бағанда қалалық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған абонент саны көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері бойынша);

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша жеке суды есептеу құралдармен қамтылу" деген 13-бағанда есепті жылдың соңына суды есепке алудың орнатылған жеке аспаптарының өспелі жалпы саны көрсетіледі;

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша жеке суды есептеу құралдармен қамтылу, %" деген 14-бағанда жеке есептеу аспаптары орнатылған абоненттердің үлесі көрсетіледі, 13-бағанның 12-бағанға пайыздық қатынасы ретінде есептеледі;

      "Орталықтандырылған су бұрумен қамтылған абоненттер саны" деген 15-бағанда орталықтандырылған су бұруға қосылған қалалардағы халық саны көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері);

      "Сумен жабдықтауға және су бұруға тарифтердің деңгейі" деген 16, 17, 18, 19-бағандарда сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне ең жоғары және ең төменгі тарифтер көрсетіледі;

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша су құбыры желілерінің ұзындығы" деген 20, 21-бағандарда есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы және оның ішінде тозған сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша кәріз желілерінің ұзындығы" деген 22, 23-бағандарда есепті жылдың соңына кәріз желілерінің жалпы ұзындығы және оның ішінде тозған кәріз желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Есепті кезеңде салынған желілердің жалпы ұзындығы, км" деген 24, 25-бағандарда есепті кезеңде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде салынған сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Есепті кезеңде реконструкцияланған желілердің жалпы ұзындығы, км" деген 26, 27-бағандарда есепті кезеңде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде реконструкцияланған сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Кәріздік тазарту құрылыстарының болуы" деген 28, 29, 30-бағандарда механикалық және биологиялық тазартуы бар Кәріздік тазарту құрылыстарының болуы көрсетіледі;

      "Кәріздік тазарту құрылыстарының тозуы, %" деген 31-бағанда кәріздік тазарту құрылыстарының тозу деңгейі көрсетіледі, мынадай тәртіппен есептеледі: айырмашылық 100% және жыл соңындағы баланстық құны бойынша негізгі қорлардың болуы/жыл соңындағы бастапқы құны бойынша негізгі қорлардың болуы*100%;

      "Кәріздік тазарту құрылыстарымен қамтылған халықтың саны" деген 32-бағанда орталықтандырылған және/немесе құрамдастырылған (орнында тазартумен немесе ассенизаторлық машиналармен танктерден сарқынды суларды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттеріне (ағызу пункттеріне) ассенизаторлық машиналармен тасымалдау мүмкіндігімен қамтамасыз етілген, жұмыс істеп тұрған кәріздік тазарту құрылыстары бар қалалардағы халық саны көрсетіледі; егер Кәріздік тазарту құрылыстар болған жағдайда ұйымдастырылған ағызу пункттері болмаса, онда тазартумен қамту орталықтандырылған су бұруға қосылған үлеске тең қабылданады;

      "Халықтың тазартылған сарқынды сулармен қамтылуы, %" деген 33-бағанда қалалардағы сарқынды суларды тазартумен қамтылған халықтың үлесі көрсетіледі, қалаларда тұратын халық санының қолданыстағы Кәріздік тазарту құрылыстарымен қалалардағы тұрғындардың жалпы санына пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Нормативтік тазартылған судың деңгейі, %" деген 34-бағанда тазарту құрылыстарында тазартудан өткен нормативтік тазартылған су көлемінің үлесі көрсетіледі, есеп тазарту құрылыстары арқылы өткізілген ағынды сулардың көлеміне қарай жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 4 шілдедегі
№ 481 бұйрығына
2-қосымша

"Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

  Есепті кезең: 20___ж.
  Индекс: 2-СНП
  Кезеңділік: жылдық

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық елді мекендердің жергілікті атқарушы органдары.

      Нысан қайда ұсынылады: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

      Тапсыру мерзімі: ауылдық елді мекендердің, аудандық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.

      Әкімшілік деректерге арналған нысан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.

Облыстың, ауданның ауылдық елді мекеннің атауы

Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша облыстың, ауданның коды

Облыстағы ауылдық елді мекендердің жалпы саны (бірлік)

Ауылдық елді мекендердегі халықтың жалпы саны (адам)

Сумен жабдықтау

Орталықтандырылған

Ауылдық елді мекендердің саны (бірлік)

Ауылдық елді мекендердегі тұратын адам саны (адам)

Ауылдық елді мекендердің саны бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылу, % 6б./4б.*100

Халықтың саны бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамылу, % 7б./5б.*100

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Облыс (аудан, ауыл) бойынша барлығы, оның ішінде аумақтық бірліктер бөлінісінде








      кестенің жалғасы

Сумен жабдықтау

Орталықтандырылған

Орталықтандырылмаған (құдықтар, су тазалау құрылыстары, модульдік тазалау блок-кешендері)

Тасымалды су

Қызмет көрсетуші кәсіпорын

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған абоненттер саны (бірлік)

Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша орнатылған жеке суды есептеу құралдардың жалпы саны (бірлік)

Жеке суды есептеу құралдармен қамтылу, %, 13б./12б. *100

БСН

Атауы

Ауылдық елді мекендердің саны (бірлік)

Ауылдық елді мекендердегі тұратын адам саны (адам)

Тасымалданатын сумен қамтылған ауылдық елді мекендердің саны (бірлік)

Ауылдық елді мекендердегі тұратын адам саны (адам)

10

11

12

13

14

15

16

17

18

      кестенің жалғасы

Су бұру

Су тарифының деңгейі

Орталықтандырылған су бұрумен қамтылған

сумен жабдықтау

су бұру

Ауылдық елді мекендердің саны (бірлік)

Ауылдық елді мекендердегі тұратын халық саны (адам)

Ауылдық елді мекендердегі тұратын абонент саны (бірлік)

Ауылдық елді мекендердің саны бойынша орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік, % 19б./4б.*100

Халықтың саны бойынша орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік, % 20б./5б.*100

ең жоғарғы, теңге/м3

ең төменгі, теңге/м3

ең жоғарғы, теңге/м3

ең төменгі, теңге/м3

19

20

21

22

23

24

25

26

27

      кестенің жалғасы

Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша су желілерінің ұзындығы, км)

Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша су бұру желілерінің ұзындығы, км

Есепті жылда салынған желілердің жалпы ұзындығы, км

Есепті жылда реконструкцияланған желілердің жалпы ұзындығы, км

барлығы

оның ішінде тозған

барлығы

оның ішінде тозған

сумен жабдықтау

су бұру

сумен жабдықтау

су бұру

28

29

30

31

32

33

34

35

      кестенің жалғасы

Кәріздік тазарту құрылыстарының болуы (бірлік) 37б.+38б.=36б.

оның ішінде

Кәріздік тазарту құрылыстарының тозуы, %

Кәріздік тазарту құрылыстарымен қамтылған халықтың саны (адам)

Халықтың тазартылған сарқынды сулармен қамтылуы, 40б./5б.*100

механикалық тазалаумен (бірлік)

биологиялық тазалаумен (толық) (бірлік)

36

37

38

39

40

41

      Мемлекеттік

      органның басшысы

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)

      Орындаушы ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)

      20____ жылғы "____"_________________.

  "Ауылдық елді мекендерде
сумен жабдықтау және су бұру
қызметтерімен қамтамасыз ету
туралы мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер"

      1. Осы түсіндірме Қазақстан Республикасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласындағы көрсеткіштеріне қол жеткізуді мониторингілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген "Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Осы нысан бойынша ақпаратты аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.

      3. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      "Облыстың, ауданның, ауылдық елді мекеннің атауы" деген 2-бағанда Қазақстан Республикасы облыстарының, аудандарының, ауылдық елді мекендерінің атауы көрсетіледі;

      "Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша облыстың, ауданның коды" деген 3-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (ӘАОЖ) бойынша облыстың, ауданның коды көрсетіледі;

      "Облыстағы ауылдық елді мекендердің саны" деген 4-бағанда облыстағы ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Ауылдық елді мекендердегі халықтың жалпы саны" деген 5-бағанда статистикалық деректерге сәйкес облыстың ауылдық елді мекендерінде тұратын халықтың саны көрсетіледі;

      "Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған ауылдық елді мекендердің саны" деген 6-бағанда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Ауылдық елді мекендердегі тұратын адам саны" деген 7-бағанда орталықтандырылған сумен жабдықталған ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың жалпы саны көрсетіледі;

      "Ауылдық елді мекендердің саны бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылу, %" деген 8-бағанда орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің үлесі көрсетіледі, 6-бағанның 4-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Халықтың саны бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылу, %" деген 9-бағанда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған ауылдық елді мекендердегі халықтың үлесі көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері), 7-бағанның 5-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі.;

      "Қызмет көрсетуші кәсіпорын" деген 10, 11-бағандарда сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен ауыл халқына қызмет көрсететін кәсіпорынның атауы мен БСН көрсетіледі;

      "Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған абоненттер саны" деген 12-бағанда ауылдық елді мекендерде тұратын орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген абоненттер саны көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері);

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша орнатылған жеке суды есептеу құралдардың жалпы саны" деген 13-бағанда есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша орнатылған суды есепке алудың жеке аспаптарының жалпы өспелі саны (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері);

      "Жеке суды есептеу құралдарымен қамтылу, %" деген 14-бағанда жеке есептеу аспаптары орнатылған абоненттердің үлесі көрсетіледі, 13-бағанның 12-бағанға пайыздық қатынасы ретінде есептеледі;

      "Орталықтандырылмаған сумен жабдықталған ауылдық елді мекендердің саны" деген 15-бағанда орталықтандырылмаған көздерден (құдықтар, су тазалау құрылыстары, модульдік тазалау блок-кешендері) сумен жабдықтау жүзеге асырылатын елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Орталықтандырылмаған сумен жабдықтақталған ауылдық елді мекендердегі тұратын адам саны" деген 16-бағанда осы елді мекендерде тұратын халықтың саны көрсетіледі;

      "Тасымалды сумен қамтылған ауылдық елді мекендердің саны" деген 17-бағанда тасымалды сумен қамтылған елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Тасымалды сумен қамтылған ауылдық елді мекендердегі тұратын адам саны" деген 18-бағанда тасымалды суды пайдаланатын ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың саны көрсетіледі;

      "Орталықтандырылған су бұрумен қамтылған ауылдық елді мекендердің саны" деген 19-бағанда орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі;

      "Ауылдық елді мекендердегі тұратын халық саны" деген 20-бағанда орталықтандырылған су бұру бар ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың жалпы саны көрсетіледі;

      "Ауылдық елді мекендердегі тұратын абоненттер саны" деген 21-бағанда орталықтандырылған су бұруға қосылған ауылдық елді мекендердегі халық саны көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері);

      "Ауылдық елді мекендердің саны бойынша орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік, %" деген 22-бағанда орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің саны көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері), 19-бағанның 4-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Халықтың саны бойынша орталықтандырылған су бұруға қолжетімділік, %" деген 23-бағанда ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген халық саны көрсетіледі (қызмет көрсететін кәсіпорындардың деректері бойынша), 20-бағанның 5-бағанға пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі;

      "Сумен жабдықтау және су бұру тарифтерінің деңгейі" 24, 25, 26, 27-бағандарында сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне ең жоғары және ең төменгі тарифтер көрсетіледі;

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша су желілерінің жалпы ұзындығы" деген 28, 29-бағандарда есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы және тозған сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша кәріз желілерінің жалпы ұзындығы" деген 30, 31-бағандарда есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша кәріз желілерінің жалпы ұзындығы және тозған кәріз желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Есепті жылда салынған желілердің ұзындығы, км" деген 32, 33-бағандарында есепті кезеңде Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы шеңберінде салынған сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы көрсетіледі;

      "Есепті жылда реконструкцияланған желілердің ұзындығы, км" 34, 35-бағандарында есепті кезеңде Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру желілерінің реконструкцияланған ұзындығы көрсетіледі;

      "Кәріздік тазарту құрылыстардың болуы" деген 36, 37, 38-бағандарда ауылдық елді мекендерде механикалық және биологиялық тазартылатын кәріздік тазарту құрылыстарының болуы көрсетіледі;

      "Кәріздік тазарту құрылыстарының тозуы, %" деген 39-бағанда кәріздік тазарту құрылыстарының тозу деңгейі көрсетіледі, ол былайша есептеледі: айырмашылық 100% және жыл соңындағы баланстық құны бойынша негізгі қорлардың болуы/жыл соңындағы бастапқы құны бойынша негізгі қорлардың болуы*100%;

      "Кәріздік тазарту құрылыстарымен қамтылған халықтың саны" деген 40-бағанда орталықтандырылған және/немесе құрамдастырылған (орнында тазартумен немесе ассенизаторлық машиналармен танктерден сарқынды суларды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттеріне (ағызу пункттеріне) ассенизаторлық машиналармен тасымалдау мүмкіндігімен қамтамасыз етілген, жұмыс істеп тұрған кәріздік тазарту құрылыстары бар ауылдық елді мекендердегі халық саны көрсетіледі; егер кәріздік тазарту құрылыстар болған жағдайда ұйымдастырылған ағызу пункттері болмаса, онда тазартумен қамту орталықтандырылған су бұруға қосылған үлеске тең қабылданады;

      "Халықтың тазартылған сарқынды сулармен қамтылуы" деген 41-бағанда ауылдық елді мекендерде сарқынды суларды тазартумен қамтылған халықтың үлесі көрсетіледі, ауылдық елді мекендерде тұратын халық санының қолданыстағы Кәріздік тазарту құрылыстарымен ауылдық елді мекендерде тұратын тұрғындардың жалпы санына пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады