БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16330 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық төлеушінің салық салынатын табысын азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларында:
2-реттік нөмір жолында:
"Оқу орны" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормаларында:
2-реттік нөмір жолында:
"Оқу орны" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормаларында:
2-реттік нөмір жолында:
"Оқу орны" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |