"Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығына және "Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 535 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 шілдеде № 19095 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11379 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      5, 6 және 7 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттық талаптары – Заңның 14-бабы 1-тармағының 41-60) тармақшасына сәйкес бекітілген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі талаптар;

      2) өтінім – өтініш берушінің әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жазбаша өтініші;

      3) өтініш беруші – әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификатын (бұдан әрі – жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат) алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға өтініш білдірген әуежай пайдаланушысы;

      4) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асыратын, өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін, құралдарды, жабдықтарды, технологиялық процестерді, құжаттаманы, ұйымдық құрылымды және жете тексеруді жүзеге асыратын персоналдың құзыреттілігін тексеру;

      5) жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар – жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорды, әуе кемелерінің экипаж мүшелерін, авиациялық персоналды және әуежай ғимаратына келетін басқа да адамдарды жете тексеруді жүзеге асыру кезінде, дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы қондырғылар;

      6) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.";

      6. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттауын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүргізеді.

      7. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және белгілі мөлшерде алым алынады. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке түскеннен кейін жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сертификаттауды жүргізу және әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификат беру тәртібі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сертификаттауды жүргізудің мынадай тәртібі белгіленеді:

      1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға құжаттары қоса берілген өтінімді беруі;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның өтінім бойынша алдын ала бағалауы және шешім қабылдауы;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның сертификаттық тексеру жүргізуі;

      4) жете тексеруді ұйымдастыру бойынша шешім қабылдауы және сертификат беру (беруден бас тарту).";

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты алуға өтінім жібереді.

      Өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар қоса беріледі.

      Өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      11. Келесі сертификаттау кезінде өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға мәлімделген өзгерістерге (өзгеріс болған немесе жаңартуға талап етілетін) қатысты құжаттары бар өтінімді ұсынады.

      "12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұсынылған құжаттарды қарайды және бес жұмыс күні мерзімінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша әуежайға авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты алуға өтінім бойынша шешім қабылдайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым оң шешім қабылдаған жағдайда сертификаттық тексеруді жүргізеді.

      Сертификаттық тексеруді функцияларына авиациялық қауіпсіздік мәселелері кіретін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторлары жүргізеді.

      Сертификаттық тексеруге азаматтық авиация ұйымының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі мамандарды тартуға рұқсат етіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Өтініш беруші Заңның 14-бабы 1-тармағының 41-60) тармақшаларына сәйкес бекітілген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттық талаптарға сәйкес келсе, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты беру туралы шешім қабылдайды.";

      26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:

      1) әуежайды пайдаланушының әуежайдың қауіпсіздік қызметін жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттық талаптарды сақтамауы;

      2) инспекторлық ұйғарымдарды орындамауы.

      27. Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын тоқтатқан немесе кері шақыртқан жағдайда, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді жүзеге асыру жөніндегі қызметі тоқтатылады. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуежайды пайдаланушыны қабылданған шешімдер туралы дереу хабарлайды.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттың қолданылуын тоқтату туралы шешімінде тоқтату себебін және жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын тоқтатылатын мерзімді (алты айдан аспауы тиіс) көрсетеді.

      Егер әуежайды пайдаланушы белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоймаса, онда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты қайтарып алады.

      Сертификаттың қолданылуын ттоқтату әуежай пайдаланушысын сертификаттың қолданылуын тоқтату немесе кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған сәттен бастап күшіне енеді.

      28. Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын жаңғыртуды (ол тоқтатылған жағдайда) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуежайды пайдаланушының анықталған кемшіліктерді жойған және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуежайды пайдаланушыны тексергеннен кейін ғана жүзеге асыра алады.";

      29-тармақ алып тасталсын;

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымшада:

      Авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі әуежайды сертификаттық тексеру бойынша нұсқамалық материалдың кестесінде:

      5- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығымен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес әзірленген әуежайдың АҚҚ авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12568 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).


  ";

      9- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2017 жылғы 23 қазанда № 673 ҚБП бекіткен Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес әуе кемесінің бортында қару-жарақты, оқ-дәріні тасымалдау жөніндегі нұсқаулық.


  ";

      6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15478 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" № 171 (29152) газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 535 бұйрығына
1-қосымша
  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің жете
тексеруді ұйымдастыруын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты алуға арналған ӨТІНІМ

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық аты-жөні)

      __________________________________________________________ мақсатында

      (жете тексеруді ұйымдастыру сертификатын алу, қолдану мерзімін ұзарту)

      сертификаттау жүргізуді сұраймын.

      тексеруді жүзеге асырудың жоспарланған күні_________________

      (ұзартылған/өзгерістер енгізілген кезде, тиісінше қолданыстағы сертификаттың

      аяқталу мерзімі көрсетіледі)

      өтініш беруші міндеттенеді:

      1) сертификаттау рәсімдерін орындауға;

      2) сертификаттық талаптарға жауап беруге;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жете тексеруді ұйымдастыру және

      қамтамасыз етуді жүзеге асыру мүмкіндігін ұсыну.

      Басшы __________________________________________________

                  (лауазымы/қолы/күні) М.О. (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 535 бұйрығына
2-қосымша
  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің жете
тексеруді ұйымдастыруын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын алуға арналған өтінім бойынша ШЕШІМ

      20__ жылғы "__" ________________ №_____

      __________________ әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің

      (әуежай атауы)

      тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын алуға арналған

      ____________________________________ өтінімін қарап,

      (өтініш берушінің атауы)

      Хабардар етеміз:

      Сіздер ұсынған құжаттар

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11379 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес келеді (сәйкес келмейді) (құжаттардың сәйкессіздігі жағдайында сәйкессіз пункт (-тер) көрсетіледі)

      _____________________________________________

      М.О.                         Уәкілетті ұйымның басшысы немесе оның

      (бар болған жағдайда)       өкілеттік берген тұлғасы ______________ __________

                                                                  (Т.А.Ә.) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 535 бұйрығына
3-қосымша
  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің жете
тексеруді ұйымдастыруын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Сертификаттық тексеру актісі

      ___________________________ 20___жылғы " __" _____________

      (уәкілетті ұйым атауы)

      бұйрыққа сәйкес мынадай құрамдағы комиссиямен:

      Тексерушілер: ______________________

                        (Т.А.Ә., лауазымы)

      ______________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      ______________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      ___________________________________ сертификаттық тексеру жүргізілді.

      (заңды тұлғаның атауы)

      Жалпы ережелер ______________________________________________________

      Анықталған кемшіліктері _____________________________________________

      Қорытынды ___________________________________________________________

      Тексерушілер: ___________________ _________________________

                              (Т.А.Ә.)             (қолы)

      ___________________ _________________________

                  (Т.А.Ә.)             (қолы)

      ___________________ _________________________

                  (Т.А.Ә.)             (қолы)

      Актімен таныстым:

      Ұйым басшысы _______________________ ____________________________

                              (Т.А.Ә.)                         (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 535 бұйрығына
4-қосымша
  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің жете
тексеруді ұйымдастыруын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

___________________________________________________________

Уәкілетті ұйымның атауы Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі СЕРТИФИКАТЫ № ________________

      Қолданыс мерзімінің өтуі:

      Пайдаланушының атауы

      Пайдаланушының мекенжайы:

      Телефон:

      Факс:

      E-mail:

      Байланыс ақпараты:

      Осы сертификат ____________________________________ әуежайының

                              (әуежай атауы)

      пайдаланушысына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11379 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес әуе кемесіндегі жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорларды, экипаж мүшелерін, авиациялық персоналды тексеруді жүзеге асыруға құқық береді.

      Инспекциялық бақылауды _______________________________________

                                    (уәкілетті ұйымның атауы)

      жүзеге асырады.

      М.О. (бар болған жағдайда)       Уәкілетті ұйымның басшысы немесе

                                          оның өкілеттік берген тұлғасы

      ____________ __________________________

            (қолы)             (Т.А.Ә.)

      Берілген күні 20___ жылғы "__" ___________________

      ___________________________________________________________

      (әуежай пайдаланушысының атауы, №____ сертификкат)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 535 бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 378 бұйрығымен
бекітілген

Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы бөлім

      1. Осы Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) стандарттарына және ұсынатын практикасына сәйкес әзірленді және ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу әуе кемесінің кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін (бұдан әрі – ЭМК) беру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттар қоса берілген өтініш-хатты қабылдау www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      ЭМК беруді азаматттық әуе кемелерді пайдаланатын заңды тұлғаларға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) "Азаматтарға арналған үкімет" мемелекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы жүзеге асырады.

2-тарау. Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға ЭМК берудің тәртібі

      3. ЭМК алу үшін пайдаланушы бірінші басшының немесе оны оны алмастырушы адамының қолы қойылған бланкіде хат-өтінімді ЭМК алу қажеттігінің негізімен және алфавиттік тәртіппен мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған қызметкерлер тізімімен осы қызметкерлер нақты жұмыс істейтін пайдаланушының немесе оның филиалының (өкілдігінің) тіркелген орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарына алдын ала келісуге жібереді.

      4. Хат-өтінімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарым 20 жұмыс күн қарастырады және қарастыру нәтижесі бойынша хат-өтінімде көрсетілген әр қызметкерлердің аты-жөні бойынша, ЭМК беруге кедергі болуы мүмкін, ақпараттардың бары/жоғы туралы көрсетілген хат-өтінім ілеспе хатпен пайдаланушыға қайтарады.

      5. ЭМК беруге кедергі болатын ақпарат жоқ болғанда пайдаланушы келесі құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінімді уәкілетті ұйымға www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолдайды:

      1) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

      2) ЭМК-ні алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9x12 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) электрондық көшірмесі;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға нысан бойынша персонал туралы мәліметтер;

      4) авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің электрондық көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);

      5) ИКАО-да тіркелген авиациялық оқу орталығында алынған сертификаттың электрондық көшірмесі (әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін);

      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органының келісу хатының электрондық көшірмесі.

      Пайдаланушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, уәкілетті ұйым хат-өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      6. Уәкілетті ұйым ұсынылған хат-өтінімді оның келіп түскен күнінен бастап 7 жұмыс күні қарастырады.

      7. ЭМК 3 жылға беріледі және басқа адамға беруге тыйым салынады.

      8. ЭМК беруден уәкілетті ұйым мынадай:

      1) ЭМК алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) ЭМК беру үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) ЭМК алу үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарының теріс қорытындысы бойынша бастартады.

      9. Қазақстан Республикасы пайдаланушысында жұмыс істейтін, шет елдік авиация персоналының куәлігі бар ұшу экипажының мүшелеріне және инженерлі-техникалық құрамына ЭМК беруді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығымен бекітілген Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесінің талаптарына сәйкес авиациялық персонал куәлігін уәкілетті ұйым танығаннан кейін, оларды мойындаудың мерзіміне осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

      10. Қазақстан Республикасында тіркелген пайдаланушы басқа мемлекетте тіркелген әуе кемелерін пайдаланған жағдайда шетелдік авиация персоналының куәлігі бар ұшу экипажының мүшелеріне және инженерлік-техникалық құрамына Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығымен бекітілген Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесінің талаптарына сәйкес тіркелген мемлекетпен авиациялық персонал куәлігін мойындағанан кейін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға сәйкес 1 жыл мерзімге ЭМК беруді жүзеге асырады.

      11. ЭМК жоғалтқанда немесе бүлдіргенде ЭМК-ні беру осы Қағидараға сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Экипаж мүшесін жұмыстан босату, оның басқа жұмысқа немесе басқа ұйымға ауысуы және ЭМК бүлдірілген жағдайда пайдаланушы берілген ЭМК-ні уәкілетті ұйымға қайтарады.

  Ұшу құрамының, кабина
экипажының адамдарына,
ұшуға техникалық қолдау
көрсетуді қамтамасыз ететін
инженерлік-техникалық
құрамға және ұшу кезінде
әуе кемесінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін персоналға
экипаж мүшесінің куәлігін
беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

ЭМК алуға арналған өтінім-хат

      1) ЭМК алуға негіздеме;

      2) әліпбилік тәртіппен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған қызметкерлер тізімі;

      3) мынадай талаптарды сақтау туралы міндеттеме:

      ЭМК көшірмелерін дайындауға және пайдалануға, әуежай аумағында өндірістік қызметке байланысты емес уақытта болуға рұқсат етілмейді;

      өткізу және объектішілік режимнің, әуежайда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты шекаралық, кеден және өзге де мемлекеттік органдардың талаптарын сақтауы;

      ЭМК қолданылу мерзімінің өтуі бойынша, сондай-ақ авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі және авиакомпаниялардың кадр бөлімшелерінің басшылары (инспекторы) қол қойған актіні жасау арқылы жұмыс орнын ауыстыру немесе жұмыстан босатылу кезінде тапсыру;

      4) авиакомпанияның бірінші басшысының қолы;

      5) орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, қызметтік телефоны, электрондық мекенжайы.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін_______________________ 20 __ жылғы "___" _____________

  Ұшу құрамының, кабина
экипажының адамдарына,
ұшуға техникалық қолдау
көрсетуді қамтамасыз ететін
инженерлік-техникалық
құрамға және ұшу кезінде
әуе кемесінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін персоналға
экипаж мүшесінің куәлігін
беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Хат-өтінімге қоса берілетін қызметкерлерлер туралы мәліметтер

№ р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Жынысы

Туған жылы, азаматтығы

Персонал жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Атқаратын лауазымы

Тұрғылықты жері

Жеке қолы

1

2

3

4

5

6

7

1.

мемлекеттік тілде







орыс тілінде

ағылшын тілінде


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады