"Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 541 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19132 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" газетінің №249 (28727) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрлігінің
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 541 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 10 қазандағы
№ 1061 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасының талаптарына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар жолаушыларды, багажды, жүкті және почта жөнелтілімдерін коммерциялық тасымалдауды (әуе тасымалдары) жүзеге асыратын авиакомпаниялардың азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау, оларға сертификат (бұдан әрі - пайдаланушы сертификаты) беру, оны тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібін айқындайды.

      3. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзімі көрсетіліп, екі жыл мерзімге беріледі және басқа тұлғаға беруге жатпайды.

      4. Халықаралық коммерциялық тасымалдау құқығын беретін пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған авиакомпания Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (бұдан әрі - ИКАО) тіркеледі. Авиакомпанияға үш әріптік код пен телефонның шартты түрде шақыру белгісі беріледі.

      Тіркеу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) ИКАО-ға жіберетін сұрау арқылы жүзеге асырылады.

      5. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 7-тармағының 1) тармақшасымен айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алым алынады.

      6. Сертификаттау мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) өтiнiмдi беру алдындағы кезең;

      2) өтініш берушінің уәкілетті ұйымға құжаттармен бірге өтінім беруі;

      3) құжаттаманы бағалау және шешім қабылдау;

      4) уәкілетті ұйымға өтініш берушіге сертификаттық тексеру жүргізуі;

      5) шешім қабылдау және пайдаланушы сертификатын беру (беруден бас тарту).

      7. Сертификаттау мен пайдаланушы сертификатын берудің жалпы мерзімі – өтінім берілген сәттен бастап алпыс төрт жұмыс күні.

      8. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты – уәкілетті ұйым (уәкiлеттi орган) берген сертификаттау талаптарына және Қағидаларға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

      2) өтінім – өтініш берушінің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінуі (бұдан әрі - өтінім);

      3) өтініш беруші – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы;

      4) сертификаттық талаптар – "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушыларына қойылатын талаптар;

      5) сертификаттық тексеру – уәкілетті ұйымға жүзеге асыратын өтініш берушінің құралдарын, жабдықтарын, пайдалану рәсімдерін, технологиялық процестерін, құжаттамасын, ұйымдық құрылымын, әкімшілік, ұшу және жер бетіндегі персоналының құзыретін сертификаттық талаптарға сәйкестігіне және сәйкессіздіктер бар болған кезде – уәкілетті ұйымға бекіткен түзету іс-қимылдарының жоспарын (бұдан әрі - түзету іс-қимылдарының жоспары) орындауға (қолдануға) тексеру.

2-тарау. Сертификаттауды жүргізу тәртібі

1-параграф. Өтiнiмдi беру алдындағы кезең

      9. Өтiнiмдi алғашқы рет беру алдындағы кезең өтініш берушінің уәкілетті ұйымға пайдаланушының сертификатын алу ниеті туралы алдын ала жүгінуін көздейді, онда оған ұшулардың рұқсат етілген түріне, өтінімді қарастырған кезде қолданылатын рәсімдерге және өтініш беруші ұсынатын мәліметтерге қатысты толыққанды ақпарат беріледі.

      Өз кезегінде, өтiнiш беруші алдын ала бағалау үшін пайдалануға жоспарланатын әуе кемелерінің түріне, оның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаржы-экономикалық жағдайына және ұсынылатын тасымалдауларға сәйкес келетін маршруттардың құрылымына, тасымалдаулардың жоспарланатын рентабельдiгiне, бiлiктi персоналдың бар болуына, қажеттiлiктерге немесе сұранысқа ие және қоғам мүдделеріне жауап беретін қызмет көрсетудің деңгейіне қатысты ақпаратты ұсынады.

      10. Уәкілетті ұйым жүгінген күннен бастап он жұмыс күні мерзімінде өтініш берушіге алдын ала бағалау нәтижелері бойынша оң немесе теріс қорытынды туралы хабарлайды. Оң қорытынды пайдаланушыны сертификаттауға дайындауды бастау үшін негіз болып табылады.

2-параграф. Өтінімді және құжаттарды беру

      11. Өтінім беруші ұшуларды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 64 (алпыс төрт) жұмыс күні мерзімінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын алу үшін Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" веб-порталына өтінімді жібереді.

      12. Өтінімге Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Пайдаланушы сертификатын алуға өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттар қоса беріледі.

      13. Кезекті пайдаланушы сертификатын алу үшін өтініш беруші Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген өзгерістер болған және/немесе толықтырулар енгізілген құжаттармен бірге өтінімді береді.

3-параграф. Құжаттаманы бағалау және шешім қабылдау

      14. Уәкілетті ұйым ұсынылған құжаттарды қарайды, олар бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Пайдаланушы сертификатын алуға арналған өтінім бойынша шешім" нысан бойынша тиісті шешім қабылдайды.

      Қараудың барынша ұзақ мерзімі – жиырма жұмыс күні, өтінім мен қоса берілген құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкессіздіктер анықталған жағдайда өтініш берушіге анықталған сәйкессіздіктерді жою мүмкіндігі беріледі, бұл ретте жою мерзімі он жұмыс күніне белгіленеді.

      15. Қағидалардың 14-тармағымен белгіленген мерзімде өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жоймаған жағдайда, өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіліп, өтінімді қараудан бас тарту туралы шешім жіберіледі.

      16. Өтінім мен құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы шешім жібереді және оны өткізу үшін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның авиация инспекторлары қатарынан Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

4-параграф. Сертификаттық тексеруді өткізу

      17. Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге сертификаттық тексеруді авиация инспекторлары үшін уәкілетті ұйым әзірлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып, пайдаланушының белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне, оның ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның қаржы-экономикалық жағдайына жүзеге асырады.

      18. Ұшу және жер бетіндегі қызметтерді тексеру қойылған міндеттерді шешу үшін авиация персоналының, жердегі құралдардың және жабдықтардың дайындық дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі.

      Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың тиісінше жабдықталғаны және олардың тікелей мақсаты бойынша пайдаланылуы тексеріліп, расталады.

      19. Пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған кезде өтініш берушіні сертификаттық тексеру мыналарды қосымша қамтиды: өтініш берушінің ұшуларға басшылық ету жүйесін көрсету, суға мәжбүрлі қонуды көрсетуге еліктеу, авариялық эвакуацияны көрсету.

      20. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада Сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрі - Акт) жасалынады, онда өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйі, қорытындылар, ұсынымдар мен пайдаланушының сертификатын беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды көрсетіледі. Актіге бір күннің ішінде Комиссияның мүшелері қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге беріледі.

      21. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер үш санатқа бөлінеді:

      1-санат, 2-санат және 3-санат.

      1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.

      3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен пайдаланушы сертификатының қолданысын шектейді.

      2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде уәкілетті ұйым:

      1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан кезден бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға ұсынады;

      2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.

      Өтініш беруші түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өзгерту қажеттілігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым оны ұзартады.

      1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.

      22. Уәкілетті ұйым пайдаланушының түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.

      Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе уәкілетті ұйым белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады және уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын беруден бас тартады немесе бұрын берілген пайдаланушы сертификатын кері қайтарып алады.

5-параграф. Шешім қабылдау және пайдаланушы сертификатын беру (беруден бас тарту)

      23. Пайдаланушы сертиф икатын беру үшін пайдаланушы сертификатын беру туралы қорытындысымен сертификаттық тексеру актісі негіз болып табылады.

      Уәкілетті ұйым үш жұмыс күні мерзімде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушының сертификатын ресімдеуді және беруді жүргізеді.

      24. Уәкілетті ұйымның басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның қолымен және мөрімен расталған пайдаланушы сертификатының көшiрмесi және онымен байланысты пайдалану ерекшеліктерінің көшірмелері әуе кемесінің бортында болады.

      25. Егер:

      1) өтініш берушіге қатысты қызметтердің осы түрлерін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болса;

      2) Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актісі пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      26. Уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап, мерзімі үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жібереді.

      27. Пайдаланушы сертификатта белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді сақтайды.

3-тарау. Пайдаланушы сертификатын тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібі

      28. Уәкілетті ұйым:

      1) пайдаланушы сертификаттық талаптар мен шектеулерді сақтамаған;

      2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;

      3) инспекциялық тексеру кезінде, оның ішінде шетел мемлекеттерде, Заңның 16-3 бабына сәйкес белгіленген бірінші деңгейдегі немесе ұшулардың қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған;

      4) пайдаланушы жазбаша өтініш берген жағдайда, пайдаланушы сертификатының қолданылуын толық немесе ішінара шектейді, тоқтата тұрады.

      29. Заңның талаптарын бұзу дәрежесіне қарай, тұрақты қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бірінші және екінші деңгейдегі бұзушылықтар болып бөлінеді.

      Заң талаптарын ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретіндей елеулі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.

      Бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға кірмейтін, Заң талаптарының барлық бұзушылығы екінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.

      Бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға кірмейтін, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзудың барлығы екінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.

      30. Пайдаланушы коммерциялық әуе тасымалдарын алты айдан астам мерзімге тоқтатқан жағдайда, уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын қайтарып алады.

      Уәкілетті ұйым көрсетілген мерзім басталғанға дейін отыз жұмыс күні бұрын пайдаланушыға сертификатты кері қайтарып алу мүмкіндігі туралы хабарлайды.

      31. Осы Қағидалардың 28-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті ұйым пайдаланушының анықталған бұзушылықтарды жою сәтіне дейін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұрады.

      Инспекторлық ұйғарым берілген немесе тексеру нәтижелері туралы актімен танысқан күннен бастап он жұмыс күні мерзімде пайдаланушы уәкілетті ұйымға бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын және бұзушылықтар жойылғаннан кейін жоспармен белгіленген мерзімдерде растайтын құжаттаманы қоса бере отырып, түзету іс-қимылдарының орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.

      Егер пайдаланушы жоспарда белгіленген мерзімдерде пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға әкелген анықталған бұзушылықтарды жоймаса, уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын қайтарып алады. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтату осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген барлық жағдайларда, алты айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады, одан кейін уәкілетті ұйым пайдаланушының сертификатын кері қайтарып алады.

      32. Пайдаланушы сертификатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда уәкілетті ұйым пайдаланушы түзету әрекеттері жоспарының жоспарда белгіленген мерзімдерде орындалғаны туралы анықтаманы растайтын құжаттамамен бірге бергеннен және пайдаланушыны уәкілетті ұйым тексергеннен кейін оны қайта жаңартуды жүзеге асырады.

      33. Уәкілетті ұйымғ пайдаланушы сертификатының қолданылуын қайта қалпына келтіру немесе қайта қалпына келтіруден бас тарту туралы шешімді тексеру аяқталған сәттен бастап, үш жұмыс күні мерзімде пайдаланушыға жазбаша нысанда хабарлайды.

      34. Пайдаланушы сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарып алынған жағдайда, уәкілетті ұйым қабылданған шешім туралы пайдаланушыға және әуе қозғалысына қызмет көрсету органына дереу хабарлайды.

      35. Пайдаланушы сертификаты қайтарып алынған жағдайда, пайдаланушы сертификаттың түпнұсқасын уәкілетті ұйымға дереу қайтарады.

      36. Уәкілетті ұйым қайтарып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап он жұмыс күні мерзімде бұл туралы ИКАО-ға хабарлайды (халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын пайдаланушы үшін).

4-тарау. Қорытынды ережелер

      37. Пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар:

      1) пайдаланушының өтінімі бойынша;

      2) пайдаланушыға жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті ұйымның шешімі бойынша енгізіледі.

      38. Пайдаланушы атауының, оның мәртебесінің, ведомстволық тиесілігінің өзгеруі (егер олар сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктерге әкеп соқтырмайтын болса), әуе кемелерін пайдалануды тоқтатқан жағдайда, сондай-ақ пайдаланушы пайдаланғанмен бір типтегі әуе кемелерін меншікке, экипажсыз жалға алған жағдайда, пайдаланушы сертификатына тиісті өзгерістер енгізіледі.

      39. Осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген жағдайларда пайдаланушы уәкілетті ұйымға Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өтінімді жібереді.

      40. Өтінімді алған сәттен бастап уәкілетті ұйым жиырма жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және пайдаланушының сертификатына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      41. Пайдаланушы бұрын өзі пайдаланбаған басқа типтегі әуе кемелерін меншікке, экипажсыз жалға алған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінімді алған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде:

      1) ұсынылған құжаттарды қарайды;

      2) нәтижелері бойынша пайдаланушының пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бөлігінде пайдаланушыға тексеруді жүргізеді.

      42. Егер мәлімделген әуе кемесі:

      1) осы сертификаттық талаптарға сәйкессіздікті әкелетін болса;

      2) өтініш беруші ұсынған құжаттар Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған құжаттардың тізбесіне сәйкес келмесе;

      3) мәлімделген әуе кемесі басқа пайдаланушының сертификаты немесе куәлігінің пайдалану ерекшеліктеріне енгізілсе, мәлімделген әуе кемесін пайдаланушы сертификатының пайдалану ерекшеліктеріне енгізуден бас тарту жүргізіледі.

      43. Уәкілетті ұйым мәлімделген әуе кемесін пайдаланушы сертификатына енгізуден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге өтінімді алған сәттен бастап он жұмыс күні мерзімде жазбаша түрде дәлелді бас тарту беріледі.

  Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Көрсетілетін қызметті берушінің
басшысына
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

Электрондық немесе қағаз құжат нысанындағы пайдаланушы сертификатын (ПС) алуға өтінім Кандидат толтырады

      Алғашқы беру


      Кезекті беру


1. Жалпы ақпарат

1. Компанияның ресми атауы және саудалық атауы (егер ерекшеленсе):

2. Телефон, факс және электрондық пошта мекенжайын қоса алғанда, негізгі қызмет орнының мекенжайы.

Көрсетілетін қызметті алушы ПС №





Пайдаланушы



Компанияның мекенжайы:
пошталық мекенжайы:

Қосымша қызметтік мекенжайы:





телефон, факс



Қызмет түрі:

электрондық пошта мекенжайы:





3. Болжамды жұмысты бастау күні:

4. Айрықша тәртіпте ұшу-пайдалану агенттігі үшін сұрау салынған шартты белгілер (алғашқы беру):



a)

b)

c)

5. ИКАО/ИАТА коды (3 әріпті код/егер болса, 2 әріпті)



6. Басшылар және негізгі қызметкерлер

Тегі

Лауазымы

Телефон, факс, электрондық поштасы


1) Пайдаланушының басшысы



2) Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясының басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға



3) Ұшу қызметінің басшысы



4) Ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі басшысы



5) Жер үсті қызмет көрсету жөніндегі басшы немесе тағайындалған жауапты тұлға



6) Персоналды даярлау жөніндегі қызметтің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға



7) Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға



8) Бортсеріктер қызметінің басшысы (жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын пайдаланушылар үшін)



9) Сапаны бақылау қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға


2. Көрсетілетін қызметті алушының техникалық қызмет көрсету және тасымалдар түрлері

7. Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуді өз бетімен жүзеге асыруды/техникалық қызмет көрсетуді шарттар негізінде орындауды жоспарлап отыр

8. Ұсынылатын тасымалдар түрлері:

Жолаушылар және жүк


Жүк


Пошта жөнелтілімдері


3. Әуе кемелері және болжанатын ұшу аудандары туралы ақпарат

9. Әуе кемелері туралы деректер (жеке, жалданған):

10. Болжанатын географиялық ұшу ауданы(-дары):
EUR AFI
NAT NAM
CAR SAM
MID ASIA
PAC AUS
POLAR

1) Түрі, моделі және версиясы бойынша әуе кемелерінің саны:

2) Жолаушылар креслосының саны және/немесе пайдалы жүктеме (кг., тонн)

ӘК ұлттық айырым және тіркеу белгілері:

ӘК ең жоғары рұқсат етілген ұшып көтерілу массасы (MTOW):


ӘК жалдау
шарт №


 
-ден


 
дейінгі лизинг

Әуе кемелері иесінің атауы:
Заңды мекенжайы:



4. Ұшу түрлері, арнайы шектеулер мен рұқсат беру туралы ақпарат

Ұшу түрлері:

тұрақты ішкі
тұрақты халықаралық
тұрақты емес ішкі
тұрақты емес халықаралық


Арнайы шектеулер:

Арнайы рұқсат берулер/Мақұлдау:


 
RVR (m)


 
DH (м/ft)


 
LVTO RVR (m)



Кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер


 
MNPS


 
P-RNAV


 
BRNAV


 
RNP


 
RVSM


 
TCAS


 
EGPWS


 
GNSS


 
LRNS


 
VOR


 
IRU/IRS


 
DME

EDTO: Бастапқы уақыт


 
Min

ара қашықтығы


 
NM

Қосалқы әуеайлаққа дейін ең ұзақ ұшу уақыты



non-EDTO


 
Min

GPS Approach

EFB



Қауіпті жүктер





5. Авиациялық персоналды дайындау туралы ақпарат

Ұсынылатын персонал дайындығы (ұшу персоналына арналған пилотажды тренажерлер және/немесе кабиналық персоналға арналған тренажерлық қондырғылар):

Қолы:

Күні:

Тегі және лауазымы:

6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым толтырады

Мынадай құжаттар қоса берілген өтінім түскен күн:


Тіркеу нөмірі:


Жауапты лауазымды адам:


      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________

      20 __ жылғы "___" _____________

  Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына
2-қосымша

Пайдаланушы сертификатын алуға өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі

      1. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау.

      2. Сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 5700 кг. жоғары әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау.

      3. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы.

      4. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарлама (регламент).

      5. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерінің көшірмелері.

      6. Пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы.

      7. Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;

      8. Сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдауға жасалған шарттардың көшірмелері.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің қолымен куәландырылады.

  Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Пайдаланушы сертификатын алуға арналған өтінім бойынша шешім

                        20__ жылғы "___" __________ № _____

      ___________________________________________________________________

                        (өтініш берушінің атауы)

      коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға азаматтық әуе кемелерін

      пайдаланушы сертификатын алуға арналған өтінімін қарап, сіз ұсынған құжаттар

      Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат

      беру қағидаларына сәйкес (сәйкес емес) (құжаттар сәйкес келмеген жағдайда

      сәйкессіздік тармағы/тармақтары көрсетіледі) келетінін хабарлаймыз.

      Сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы хабарлаймыз (сәйкес болған кезде).

      Мордін орны                               Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

                                                      не ол уәкілеттік берген тұлға

                        _____________________________ _______________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) (қолы)

  Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Сертификаттық тексеру акті

      __________________________ 20__ жылғы "___" ______ № ________________

      (уәкілетті ұйымның атауы)

      бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы Комиссия:

      Төраға:

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы)

      Комиссия мүшелері:

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы)

      өтініш беруші ________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыға қойылатын сертификаттау талаптарына

      сәйкестігіне сертификаттық тексеру жүргізді.

      Қорытындының мәтіні:___________________________________________

      Төраға: _________________________________ ___________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты                   (қолы)

                        (бар болғанда), лауазымы)

      Комиссия мүшелері: ______________________ ___________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты                   (қолы)

                        (бар болғанда), лауазымы)

      Актімен таныстым:

      Жауапты тұлға: ___________________________ __________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты                   (қолы)

                        (бар болғанда), лауазымы)

  Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Пайдаланушы сертификаты және пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Пайдаланушы Сертификаты

Қазақстан Республикасы

Уәкілетті ұйымның атауы

ПС
KZ-01/001
Қолданылу мерзімінің аяқталу күні:

Пайдаланушының атауыТЖА (коммерциялық атауы)
Пайдаланушының мекенжайы:
Телефон:
Факс:
E-mail:

Пайдаланудағы жедел байланыс:
Жедел басшылықпен дереу байланысуға мүмкіндік беретін байланыс ақпараты ______________ көрсетілген.

Осы сертификат ___________________ қоса беріліп отырған пайдалану ерекшеліктерінде айқындалғандай, Ұшуды орындау жөніндегі нұсқауға және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына сәйкес коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыру құқығы берілгенін куәландырады.

Берілген күні:

Лауазымы: (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) қызметі және қолы:
Мордін орны

Уәкілетті ұйымның атауы Пайдалану ерекшеліктері (пайдаланудағы талаптар мен шектеулер)

А бөлігі - Жалпы ережелер

      1. Осы пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы ____________ № _______ бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшаға (I бөлім) сәйкес беріледі.

      2. Пайдаланушы "________" ұшуды орындауға даярланған.

      3. Пайдаланушы "________" коммерциялық әуе тасымалдарын орындау үшін мынадай өндірушілер мен модельдердің әуе кемелерін пайдалануға рұқсат етіледі:

      Ішкі және (немесе) халықаралық әуе желілерінде ұшу үшін:

Өндіруші

Моделі

Барынша жүк көтерімділігі мен жолаушы сыйымдылығы

1

2

3




      1-бағанда әуе кемесін өндіруші зауыт көрсетіледі; 2-бағанда әуе кемесінің үлгісі және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі; 3-бағанда тоннамен немесе килограмммен көрсеткіш және жолаушылар орындарының саны көрсетіледі.

      _______________________________ ______________________________ ____________

      (Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) (қолы)

      немесе оған уәкілеттік берген тұлға)

                                                                  Мордін орны

      Берілген күні: 20__ ж. "___" __________

Уәкілетті ұйымның атауы Пайдалану ерекшеліктері (пайдаланудағы талаптар мен шектеулер)

      В бөлігі – Маршруттардағы рұқсаттар мен шектеулер (ұшақтар)

Берілетін уәкілетті ұйым туралы байланыс ақпараты
Tелефон: __________________; Факс: _____________; E-mail: _____________

ПС №: ____ Пайдаланушы атауы: _______________________ Күні: ___________
Коммерциялық атауы (бар болса) Қолы:_________
_________________________________ Мордін орны

Әуе кемесінің моделі: Тіркеу нөмірі:

Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалдары:

Тұрақты;

Тұрақты емес;

Жолаушылар;

Жүктер;

Өзгелер ________________

Ұшу ауданы(-дары):

Арнайы шектеулер:

Арнайы рұқсаттар:

Иә

Жоқ

Арнайы бекітулер

Ескертпелер

Қауіпті жүктер





Қауіпті жүктерді тасымалдау ИКАО Техникалық нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады


Нашар көрінетін жағдайларда ұшу:
Қонуға бет алу және қону;
Ұшып көтерілу
Кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктері









САТ RVR: м.; DH м .(фут);
RVR:______ м


RVSM

Қолданылмайды






EDTO

Қолданылмайды




Шекті уақыт: _______ мин.
Қосалқы әуеайлаққа дейінгі ұшудың ең ұзақ уақыты: _______ мин.


PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер







Ұшу жарамдылы-ғын сақтау



 


 


EFB







Өзгелер







Уәкілетті ұйымның атауы Пайдалану ерекшеліктері (пайдаланудағы талаптар мен шектеулер)

      В/1 бөлігі – Маршруттардағы рұқсаттар мен шектеулер (тікұшақтар)

Берілетін уәкілетті ұйымға туралы байланыс ақпараты
Tелефон: __________________; Факс: _____________; E-mail: _____________

ПС №: ____ Пайдаланушы атауы: _______________________ Кұні: ___________
Коммерциялық атауы (бар болса) Қолы:_________
_________________________________ Мордін орны

Әуе кемесінің моделі: Тіркеу нөмірі:

Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалдары:

Тұрақты;

Тұрақты емес;

Жолаушылар;

Жүктер;

Өзгелер ________________

Ұшу ауданы(-дары):

Арнайы шектеулер:

Арнайы рұқсаттар:

Иә

Жоқ

Арнайы бекітулер

Ескертпелер

Қауіпті жүктер





Қауіпті жүктерді тасымалдау ИКАО Техникалық нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады


Нашар көрінетін жағдайларда ұшу:
Қонуға бет алу және қону;
Ұшып көтерілу
Кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктері









САТ RVR: м.; DH: м. (фут);
Б бұлт.:___ м. (фут); Көр.: ___ м.;


PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер







____ сыныптағы ҰТС тікұшақтарымен АҰҚ бойынша ұшу







Сыртқы ілмектегі жүкпен ұшу







Ұшу жарамды-лығын сақтау



 


 


EFB







Өзгелер







  Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  Уәкілетті ұйымның
лауазымды тұлғасына

Пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өтінім

      ___________________________________________________________________

                              (өтініш берушінің толық атауы)

      пайдаланушы сертификатының пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер және

      (немесе) толықтырулар енгізуді сұраймын.

      Ұшуды бастаудың жоспарланған күні: _____________________________

      ___________________________________________________________________

      (өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жаңа пайдалану

      жағдайларында ұшуды бастаудың жоспарланған күні көрсетіледі)

      Басшы ________________________________________________________

                              (лауазымы / қолы / күні)

  Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына
7-қосымша

Пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған құжаттардың тізбесі

      1. Әуе кемесін пайдаланушы сертификатына енгізген кезде өтініш беруші пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өтінім мен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;

      2) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауға, техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауына, техникалық қызмет көрсету бағдарламасына, ең аз жабдықтардың тізбесіне (MEL) тиісті өзгерістер мен толықтырулар.

      2. Экипажсыз жалға алған әуе кемесін пайдаланушы сертификатына енгізген кезде өтініш беруші, осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:

      1) әуе кемесінің типі, моделі және сериялық нөмірі туралы мәліметтер;

      2) әуе кемесі иесінің тегі (атауы) және мекенжайы;

      3) тіркелген мемлекеті, ұлттық және тіркеу белгілері туралы мәліметтер;

      4) әуе кемесін пайдалану бойынша бақылауға, техникалық қызмет көрсетуге және ұшу жарамдылығын сақтауға жауапты тараптар, сондай-ақ жалға алу мерзімі көрсетілген әуе кемесін экипажсыз жалға алу туралы шарттың көшірмесі.

      3. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің қолымен куәландырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады