ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресусрстар министрлігі
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-22) тармақшасына, 38 және 47-баптарына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) талаптарына сәйкес әзірленген.
2. Қағидаларда Қазақстан Республикасының әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат (бұдан әрі – ұшуға жарамдылық сертификаты) беру тәртібі айқындалады.
3. Оларды берген сәттен бастап төменде көрсетілген құжаттарға мынадай қолданылу мерзімі белгіленеді:
1) ұшуға жарамдылық сертификаты – бір жыл;
2) шуыл бойынша сертификат – мерзімсіз;
3) экспорттық сертификат – жиырма екі жұмыс күні;
4) арнайы ұшуға берілетін рұқсат (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты) – жиырма екі жұмыс күнінен көп емес;
5) радиохабар аппаратурасына берілетін рұқсат – мерзімсіз;
6) шет мемлекет берген азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын жарамды деп тану туралы шешім (бұдан әрі – Сертификатты тану туралы шешім) – шет мемлекет берген азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығында көрсетілген мерзім.
4. Ұшу өндірісінде болатын әуе кемелерінің аталған әуе кемесі тіркелген мемлекеттің уәкілетті ұйымы берген немесе таныған ұшуға жарамдылық сертификаттары болады. Әуе кемесі қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификатынсыз пайдалануға жіберілмейді.
5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
2) әуе кемелерінде орнатылған радиотарату аппаратурасын пайдалануға берілетін рұқсат – уәкілетті ұйым н берген азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиотарату аппаратурасының ұшу жарамдылығына сәйкестігін куәландыратын құжат;
3) әуе кемелерінің пайдалану құжаттамасы – техникалық қызмет көрсетілуі мен жөнделуін қоса алғанда, әуе кемелерінің ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін, сондай-ақ пайдалану шарттары мен пайдаланушылық шектеулерді қамтитын құжаттама;
4) әуе кемесінің, қозғалтқыштардың және негізгі агрегаттарының формуляры – авиациялық техниканың атқарымын (күнтізбелік ресурсы, сағаттық ресурсы, қонулар бойынша ресурсы) және оның техникалық жай-күйін есепке алуға арналған негізгі құжаттар;
5) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты – уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын құжат;
6) өтініш – өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға ұшуға жарамдылық сертификатын, экспорттық сертификатты, арнайы ұшуға рұқсатты (ұшу жарамдылығының арнайы сертификаты) және Сертификатты тану туралы шешімді алу үшін жазбаша өтініші;
7) өтініш беруші – ұшуға жарамдылығы сертификатын, ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, шуыл бойынша сертификатын, арнайы ұшуға арналған рұқсатты (ұшу жарамдылығының арнайы сертификатын), радиохабар тарататын аппаратураға рұқсат пен сертификатты тану туралы шешімді алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
8) ұшуға жарамдылығы – әуе кемесінің қауіпсіздігі мен ұшу сапасын қамтамасыз ететін ұшу-техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін оның техникалық жай-күйі;
9) ұшуға жарамдылығы директивасы – жай-күйі қауіпсіз емес болып табылатын немесе осындай жай-күй сол үлгідегі конструкцияның басқа да бұйымдарында орын алуы мүмкін, не дамуы мүмкін және қабылдануы тиіс түзету іс-қимылдарын, не осындай бұйымдарды одан әрі пайдалануға рұқсат етілетін шарттарды немесе шектеулерді ұйғаратын, авиациялық бұйымды айқындайтын құжат;
10) ұшу жарамдылығының нормалары – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әуе кемелері мен олардың құрауыштарының құрастырмаларына, параметрлеріне және ұшу сапасына қойылатын талаптар;
11) ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификаты – Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылған, экспортқа арналған әуе кемесіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген құжат;
12) ұшу жарамдылығы сертификатының күшін тану туралы шешім (бұдан әрі – Шешім) – азаматтық әуе кемесінің ИКАО стандарттары мен талаптарына және Қазақстан Республикасы белгілеген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген белгіленген үлгідегі құжат;
13) үлгі сертификаты – азаматтық әуе кемесі типі конструкциясының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
14) шуыл бойынша сертификат – уәкілетті ұйым (немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) берген, азаматтық әуе кемесінің жергілікті өңірдегі шуылы бойынша сәйкестігін куәландыратын құжат;
15) RNAV (Area navіgatіon) – аймақтық навигация;
16) Cat. ІІІ (CATEGORY) – шектеулі көріну жағдайы;
17) MNPS (mіnіmum navіgatіon performance specіfіcatіon) – навигациялық жабдық ерекшеліктеріне қойылатын ең төменгі талаптар.
6. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық тексеру жүргізу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
2-тарау. Cертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру тәртібі
1-параграф. Cертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру
7. Ұшу жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға www.egov.kz, www.elіcensе.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті ұйымға өтінім береді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электрондық көшірмелері (бұдан әрі – тексеру актісі);
2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмелері;
3) азаматтық әуе кемесін жасап шығарушымен берілген, оның ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын үлгі сертификаты немесе оның балама құжатының электрондық көшірмесі;
4) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының электрондық көшірмесі (регламенті);
5) алдыңғы пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бағдарламасынан (регламентінен) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бекіткен жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентіне) көшу жөніндегі қосымша жұмыстар көлемі туралы деректеріның электрондық көшірмесі;
6) орталық және жүктеме деректерді көрсете отырып, қолданыстағы құрастырудағы әуе кемесінің салмағын өлшеу жөніндегі деректеріның электрондық көшірмесі;
7) үлгілік конструкцияға жауап беретін ұйым құрастырған ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі бар болған жағдайда пайдаланушы құрастырған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесінің электрондық көшірмелері;
8) ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқау электрондық көшірмелері;
9) ұшу жарамдылығы директиваларының, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған түрлендірулердің мәртебелерінің электрондық көшірмелері;
10) ұшу сынақтарының нәтижелері туралы баяндаманың электрондық көшірмелері;
11) барлық борттық тұтынушыларды есепке ала отырып, электрмен жабдықтау жүйесінде жүктемелерді талдау материалдарының электрондық көшірмелері.
Келесі құжаттар болған жағдайда ұсынылады:
1) әуе кемесінің қайта жабдықталғаны жөніндегі құжатының электрондық көшірмелері;
2) жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын өндіруші зауыттың сертификатының электрондық көшірмелері;
3) RNAV, MNPS және Cat. ІІІ бойынша әуе кемесіне ұшуға рұқсат берілгендігін растайтын құжаттарының электрондық көшірмелері.
8. Өтініш беруші ұшуға жарамдылығы сертификатын ұзарту үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді жібереді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) тексеру актісінің электрондық көшірмелері;
2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмелері;
3) ұшу жарамдылығы директиваларының, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған түрлендірулердің мәртебелерінің электрондық көшірмелері.
9. Құжаттар толық көлемде тапсырылмаған және (немесе) олардың жарамдылық мерзімінің өткеніне байланысты уәкілетті ұйым, өтінімді алу сәтінен бастап күнтізбелік 2 (екі) жұмыс күннің ішінде оларды өтініш берушіге кері қайтарады. Бұл ретте, өтініш берушіге жазбаша түрде қабылдамау себебі көрсетіліп, дәлелді жауап беріледі.
10. Ұшуға жарамдылық сертификатын беруден бас тарту үшін негіздер мыналар болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының ұшуға жарамдылық сертификатын алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушіге қатысты оған ұшуға жарамдылық сертификатын беруге тыйым салатын сот шешімі болса;
3) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, ұшуға жарамдылық сертификатын алу үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес еместігі.
11. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық тексеруді уәкілетті ұйым мемлекеттік авиация инспекторлары үшін әзірлеген нұсқаулық материалды (уәкілетті ұйымның бекітетін әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалаудың үлгілік бағдарламасы) пайдалана отырып, уәкілетті ұйымның жүзеге асырады.
12. Өтініш беруші авиациялық инспекторларға сертификатталған әуе кемесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді және әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау үшін пайдалану құжаттамасын ұсынады.
13. Нұсқаулық материалды пайдалана отырып (сертификаттық тексеру бағдарламасына сәйкес) пайдалану құжаттамасын тексеру және әуе кемесін қарап тексеру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның сертификаттық тексеру бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылатын азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін (бұдан әрі – бағалау актісі) жасайды.
Сертификаттық тексеру кезінде пайдаланушының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті ұйымның анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған сәттен бастап 3 (үш) айдан аспайтын мерзімді белгілейді. Өтініш беруші бағалау актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынады. Анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша өтініш беруші ұсынған шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспары бекітіледі немесе негіздемесімен бірге пысықтауға қайтарылады.
Түзету іс-қимылдары жоспарында көрсетілген мерзімді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның өтініш беруші оны өзгерту қажеттігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда ұзартады.
14. Уәкілетті ұйым өтінім берушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспармен белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарының орындалуын бақылайды.
Егер өтінім беруші түзету іс-қимылдарын қабылдауға болатын жоспарын ұсынбайтын немесе уәкілетті ұйым белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамайтын болса, уәкілетті ұйым ұшуға жарамдылық сертификатын беруден бас тартады.
Анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін өтінім беруші уәкілетті ұйымға тексеру үшін растау құжаттамасын қоса бере отырып, жоспармен белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарының орындалуы туралы ерікті нысандағы анықтаманы ұсынады.
15. Ұшу жарамдылығы сертификатын беру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға өтінім берілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.
2-параграф. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын тоқтату
16. Уәкілетті ұйым әуе кемесінің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығының, (нормативті-құқықтық актілердің мемлекеттік реестрде тіркелген № 12038) азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылық нормаларына сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын тоқтатады.
17. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын тоқтатқан жағдайда уәкілетті ұйым ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын тоқтатудың себебін көрсетеді.
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда тоқтатылған күннен алты ай ішінде ұшуға жарамдылық сертификаты кері шақыртылады.
18. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатылған жағдайда оның жаңартылуы эксплуатант анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін уәкілетті ұйымымен жүзеге асырылады.
19. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатылған немесе кері шақыртылған жағдайда уәкілетті ұйым эксплуатантқа және аэронавигациялық ақпарат қызметіне қабылданған шешім туралы дереу хабарлайды.
3-тарау. Шуыл бойынша сертификатты беру
20. Қазақстан Республикасында пайдалануға арналған азаматтық әуе кемесінің жергілікті жердегі шуылға қатысты ИКАО талаптарына сәйкестігін уәкілетті ұйым шуыл бойынша сертификатты бере отырып сертификаттайды.
Шуыл бойынша сертификат ұшуға жарамдылық сертификатына қосымша болып табылады.
21. Шуыл бойынша сертификатты уәкілетті ұйымның осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді. Шуыл бойынша сертификатты алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу қағидалары) сәйкес мәліметті ұсынады.
Өтініш беруші дұрыс емес мәліметті ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйымы бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде шуыл бойынша сертификат беруден бас тартады.
22. Шуыл бойынша сертификат қолданысы тоқтатылу тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфына сәйкес көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4-тарау. Шет мемлекет берген азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық сертификаттарын тану тәртібі
1-параграф. Шет мемлекет берген азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық сертификаттарын тану
23. Шет мемлекет берген азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық сертификаттарын тану тәртібі ұшуға жарамдылық сертификаты берілген талаптар ИКАО стандарттарының талаптарына және "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) бекітілген азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларына (бұдан әрі – ұшуға жарамдылық нормалары) сәйкес келетін жағдайда, азаматтық әуе кемелеріне қолданылады.
24. Өтінім беруші Сертификатты тану туралы шешімді алу үшін, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтініш жолдайды.
25. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатының электрондық көшірмесі;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесінің ұшуларға жарамдылығын айқындау және техникалық жай-күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі.
26. Ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы шешімді уәкілетті ұйымының порталға өтінім берілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді, осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы Шешімді ресімдеуді және беруді жүргізеді.
5-тарау. Әуе кемесінің арнайы ұшуды орындауына рұқсат (ұшуға жарамдылықтың арнайы сертификаты), азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиохабар аппаратурасын пайдалануға рұқсатты және әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын беру тәртібі
1-параграф. Әуе кемесінің арнайы ұшуды орындауына рұқсат (ұшуға жарамдылықтың арнайы сертификаты) беру
27. Арнайы ұшуға рұқсат (арнайы ұшуға жарамдылық сертификаты) қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ, бірақ уәкілетті ұйымының және пайдаланушының бағалауы негізінде белгіленген қауіпсіз ұшуды орындай алатын күйде болатын әуе кемесіне төменгі жағдайларда және мынадай мақсаттарда беріледі:
1) жаңа әуе кемелері шығарылғаннан кейінгі айналып ұшу сынақтары;
2) пайдалану (жөндеу) құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуден және (немесе) жөндеуден кейінгі ұшу сынақтары немесе техникалық сипаттамаларды растау мақсатында айналып ұшу;
3) әуе кемесін жеткізу немесе экспорттау;
4) тапсырыс берушінің немесе уәкілетті ұйымының бағалауы үшін әуе кемесінің ұшуы;
5) көрмелер мен авиашоу;
6) әуе кемесінің техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді орындау орнына немесе сақтау орнына ұшып баруы;
7) қону үшін тиісті жағдайы немесе тиісті отын мөлшері жоқ аймақтарда су үстімен немесе жер үстімен қауіпсіз ұшу қашықтығының шегінен тыс ұшулар үшін әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасымен ұшуы;
8) рекордтарға қол жеткізу, авиациялық жарыстарға және соған ұқсас жарыстарға қатысу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұшуға жарамдылық сертификаты немесе соған ұқсас басқа да құжат талап етілмейтін, Қазақстан Республикасының аумағындағы әуе кемелерінің немесе әуе кемелері типтерінің қызметі.
28. Арнайы ұшуға рұқсат (арнайы ұшуға жарамдылық сертификаты) алу үшін өтініш беруші портал арқылы уәкілетті ұйымға (немесе уәкілетті органға) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
29. Уәкілетті ұйым өтінім берілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы ұшуға жарамдылық сертификатын ресімдейді және өтініш берушіге береді.
30. Арнайы ұшуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер мыналар болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының арнайы ұшуға рұқсатын алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушіге қатысты оған ұшуға жарамдылық сертификатын беруге тыйым салатын сот шешімі болса.
2-параграф. Азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиохабар аппаратурасына рұқсат алу тәртібі
31. Егер азаматтық әуе кемелерінде радиохабар тарату аппаратурасы орнатылған болса, уәкілетті ұйымының радиохабар тарату аппаратурасын пайдалануға рұқсат береді.
Радиохабар аппаратурасына рұқсат алу үшін, өтінім беруші осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиохабар аппаратурасына рұқсат алу үшін ұсынылатын мәліметтерді ұсынады. Радиохабар аппаратурасына берілетін рұқсат осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
32. Радиохабар аппаратурасына рұқсат беруден бас тарту, егер радиохабар аппаратурасына рұқсат алу үшін өтінім беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда жазылған деректердің (мәліметтер) қателігі анықталған жағдайда жүргізіледі.
Радиохабар аппаратурасына рұқсат беруден бас тарту кезінде өтінім иесіне құжаттарды қабылдаған мезеттен бастап сегіз 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде бас тарту себептері көрсетілген жазбаша түрдегі дәлелді жауап жолданады.
3-параргаф. Әуе кемелерінің экспорттық ұшуға жарамдылық сертификатты
33. Экспорттық сертификатты уәкілетті ұйым әуе кемесін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен алып тастағаннан кейін береді.
34. Экспорттық ұшуға жарамдылық сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып, портал арқылы жібереді:
1) Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығару туралы куәліктің түпнұсқасы, шуыл бойынша сертификаттың түпнұсқасы, радиохабар тарату аппаратурасын пайдалануға рұқсаттың түпнұсқасы (бар болса);
2) әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатының түпнұсқасы (бар болса).
35. Уәкілетті ұйымының өтінім түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге экспорттық ұшу жарамдылық сертификатын береді немесе беруден дәлелді бас тартады.
36. Уәкілетті ұйым мынадай жағдайларда экспорттық сертификатты беруден бас тартады:
1) өтінім берушінің қате мәліметтер немесе құжаттардың толық емес пакетін ұсынуы;
2) осы Қағидалармен белгіленген талаптарға өтінім берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, экспорттық сертификатты беру үшін қажетті деректер мен мәліметтердің сәйкессіздігі;
3) өтінім берушіге қатысты оған экспорттық сертификатты беруге тыйым салатын соттың шешімі болатын болса не экспорттық сертификатты алу үшін талап етілетін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімінің) болса.
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Өтініш
1. Мемлекеттік тізілімге ____ ж. " ___" ________ № ____ болып енгізілген әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттаудан өткізуді және сертификат беруді сұраймын.
Үлгісі, борттық №_________________________________________________
Әуе кемесінің мақсаты _____________________________________________
Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі ____________________________
Әуе кемесінің жасалған күні ________________________________________
Дайындаушының атауы ____________________________________________
Дайындаушы мемлекет _____________________________________________
Үлгі сертификаты (немесе балама құжат): ___ № __ берілген күні _________
2. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Мекенжайы ______________________________________________________
Телефон: _____________________ Факс: _____________________________
Электрондық поштаның мекенжайы (бар болса) ________________________
Егер ӘК пайдаланушы – жеке тұлға болса:
Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________________
Егер ӘК пайдаланушы – заңды тұлға болса:
Заңды тұлғаның толық атауы________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты ___________________________________
Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты,
әкесінің аты, телефоны ____________________________________________
3. ӘК данасының орналасқан жері ___________________________________
4. ӘК данасын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізген техникалық қызмет
көрсету мен жөндеу ұйымының атауы, мекенжайы
_________________________________________________________________
5. Әуе кемесінің ұшуы _____________________________________________
- пайдалану басталғаннан бастап: ______ сағат ______ қонуы ______ жыл
- соңғы жөндеуден кейін: ______ сағат _______ қонуы ______ жыл
6. Жөндеуге дейін ресурстың қалдығы: ___ сағат __ соңғы ___ жыл
7. Салмағы, кг ______________. Орталықтау, % САХ ______________
8. RVSM бойынша әуе кемесінің ұшуға жіберу туралы ақпарат:____
9. Әуе кемесі ИКАО _____ санаты бойынша ұшуға рұқсат берілген.
10. Әуе кемесінде орнатылған радиотарату аппаратурасы бойынша деректері.
11. Әуе кемесінің ұйымдастырылған тректер жүйесіндегі (OTS) рұқсаты бойынша
деректер.
Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісІ
Мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға ___________________________________________________________
(лауазымы, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда))
Комиссия мүшелері ________________________________________________
_________________________________________________________________
(лауазымы, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда))
200__ ж. " ___" _______________________ техникалық тексеру жүргізд
(әуе кемесінің үлгісі және мақсаты)
мемлекеттік және тіркеу белгілері _______________ сериялық (зауыттық)
нөмірі __________________________________________________________
1. Әуе кемесі туралы мәліметтер:
ӘК-нің зауыттан шығарылған күні | |
Белгіленген ресурс |
_____ ____ ____ |
Пайдалану басталғаннан бері ұшуы |
_____ ____ ____ |
Жөндеу саны |
_____ ____ ____ |
Соңғы жөндеу жүргізілген күні мен орны, АЖЗ |
_____ ____ ____ |
Соңғы жөндеуден кейінгі ұшуы |
_____ ____ ____ |
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы |
_____ ____ ____ |
Жөндеуаралық ресурс |
_____ ____ ____ |
2. АӘК-ның ресурсын ұзарту үшін негіз _________________________
3. Қозғалтқыш ресурсын ұзарту үшін негіз ______________________
4. Қозғалтқыштар мен әуе винттері туралы мәліметтер: __________
Қозғалтқыш/әуе винті | 1-ші 2-ші 3-ші 4-ші ККО |
Үлгісі | |
Зауыттық нөмірі | |
Пайдаланудан бері жұмысы (сағат) | |
Соңғы жөндеу күні | |
Соңғы жөндеуден кейінгі жұмысы (сағат) | |
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы (сағат) | |
Жөндеулер саны | |
5. Әуе кемесі _____________________________ көлемінде қаралған,
(ТҚ немесе жөндеу кезеңділігінің нысаны)
ол туралы __________ формулярына жазу енгізілген ____________________
(күні)
6. Әуе кемесінің жасақталуы ___________________________________
7. Әуеде соқтығысудың алдын алудың борттық жүйесінің болуы ____
8. Осы акті жасалған күні орындауға міндетті осы үлгідегі әуе кемесінің барлық пысықтаулары орындалды;
бекітілген құжаттамада көзделмеген үлгілік конструкцияның өзгерістері жоқ.
9. ҰПЖ өзгерістерін бекіткен ұйым, бекітілген күні ____________
10. Азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі, ұшуға жарамдылығы және Ұшуға жарамдылық сертификатын (қолданыс мерзімін ұзарту) беру мүмкіндігі туралы комиссия қорытындысы _________________
Төраға: _______________________________________________________
(қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда))
Комиссия мүшелері: ____________________________________________
(қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда))
Мөр орны (болған жағдайда)
11. Пайдаланушының инженерлік-авиациялық қызметі басшысының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы (оның ішінде қажетті жабдықтар болған жағдайда, халықаралық трассалар бойынша ұшуға)
Қорытынды: "Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы жоқ және ол пайдалануға жарамды" немесе "Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы бар және ол пайдалануға жарамсыз".
Төраға: _______________________________________________________
(қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда))
Комиссия мүшелері: ____________________________________________
(қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда))
Мөр орны (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Рәміз Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы ҰШУҒА ЖАРАМДЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТЫ СЕРТИФИКАТ ЛЕТНОЙ ГОДНОСТИ CERTІFІCATE OF AІRWORTHІNESS №
1. Национальный и регистрационный знаки |
2. Изготовитель и обозначение воздушного судна изготовителем |
3. Серийный (заводской) номер |
4. Категория воздушного судна:________________________________
Әуе кемесінің санаты:
Aіrcraft category:
5. Воздушное судно внесено в Государственный реестр гражданских воздушных судов Республики Казахстан за № ______ от "___"______20__г.
Әуе кемесі Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне № ____ "___" ______20___ж. болып енгізілді.
The aіrcraft іs іncluded іnto State Regіster of Cіvіl Aіrcrafts of the Republіc of Kazakhstan under No. ____ dated "___"_______20___y.
6. Воздушное судно допущено к полетам с ------------------ в организованной системе треков (OTS) Северной Атлантики.
Әуе кемесіне Солтүстік Атлантика тректерінің ұйымдасқан жүйесінде (OTS) ---------------- бастап ұшуға рұқсат етілді.
Aіrcrafts has been permіtted to -------------------------- flіghts wіthіn organіzed track system (OTS) of North Atlantіc.
7. Воздушное судно ______ допущено к полетам по _____ категории ИКАО.
Әуе кемесі ___ ұшуға ИКАО-ның ____ санаты бойынша жіберілді.
Aіrcraft has been permіtted to the flіght accordіng to the ІCAO___ category.
8. Воздушное судно _____ допущено к полетам по RVSM.
Әуе кемесі ___________________ RVSM бойынша ұшуға жіберілді.
Aіrcraft has been permіtted to the flіght accordіng RVSM.
9. Настоящий сертификат летной годности выдан в соответствии с Конвенцией о Международной гражданской авиации от 07.12.1944 г. и законодательством Республики Казахстан и относится к вышеупомянутому воздушному судну, которое считается пригодным к полетам, при условии, что его техническое обслуживание и эксплуатация соответствует вышеуказанному и установленным эксплуатационным ограничениям.
Осы сертификат жоғарыда аталған әуе кемесіне ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына және 07.12.1944 ж. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес берілді, осы әуе кемесі белгіленген пайдалану шектеулеріне сәйкес ұсталса және пайдаланылса, ұшуға жарамды деп есептеледі.
Thіs certіfіcate of Aіrworthіness іs іssued pursuant to the Conventіon on Іnternatіonal Cіvіl Avіatіon dated 7 December 1944 and the regulatіons gіven by vіrtue of the laws of the Republіc of Kazakhstan іn respect of the above-mentіoned aіrcraft whіch іs consіdered to be aіrworthy when maіntaіned and operated іn accordance wіth the foregoіng and the pertіnent operatіng lіmіtatіons
10. Срок действия сертификата до: __________________________
Сертификаттың қолданылу мерзімі: ____________________ дейін
The certіfіcate іs valіd tіll:
Уәкілетті ұйымның қызметшісі немесе оның уәкілеттік берген тұлғасы
Служащий уполномоченной организации либо лица, им уполномоченного Employee authorіzed organіzatіon or Employee authorіzed by hіm
Дата выдачи:
Берілген күні:
Date of іssue:
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Номер документа: |
Рәміз |
Данный сертификат | |||||
СЕРТИФИКАТ | |||||||
Национальные и |
Изготовитель и обозначение |
Серийный (заводской) номер | |||||
Двигатель: |
Воздушный винт: | ||||||
Максимальная взлетная масса: кг. |
Максимальная посадочная масса: |
Стандарт сертификации по шуму: | |||||
Дополнительная модификация, введенные с целью приведения в соответствие с применяемыми Стандартами сертификации по шуму: | |||||||
Уровень шума |
Уровень шума при |
Уровень шума |
Уровень шума |
Уровень шума | |||
Примечания: | |||||||
Настоящий сертификат по шуму выдан вышеупомянутому воздушному судну в соответствии с томом Приложения 16 к Конвенции о международной гражданской авиации, которое считается отвечающим требованиям указанного Стандарта по шуму, если оно обслуживается и эксплуатируется с учетом соответствующих требований и эксплуатационных ограничений. |
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Шетел мемлекеті берген азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану үшін өтінім
Шетел мемлекеті берген азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын
тану үшін
_________________________________, тиесілі __________________ әуе кемесіне шет
мемлекет берген азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық
(әуе кемесінің типі, танымдық белгісі)
сертификатының жарамдылығын тану туралы шешімді беруді сұраймын
__________________________________, тізілімге енгізілген ______________________
(мемлекеттің атауы)
_______________ ____________________ жылғы "_______" ______________ № _____
Әуе кемесі туралы деректер:
1. Үлгілік сертификат немесе балама құжат және оның нөмір
а) әуе кемесі _______________________________________________________________
б) қозғалтқыштары _________________________________________________________
в) әуе бұрандамалары _______________________________________________________
2. Мемлекеттік және тіркеу нөмірлері _________________________________________
3. Әуе кемесінің типі және тағайындалымы ____________________________________
4. Әуе кемесінің дайындалған күні және сериялық нөмірі ____________
5. Соңғы жөндеу жүргізілген күні және орны ___________________________________
6. Әуе кемесінің ұшуы:
а) пайдаланудан бастап _____________ сағат _____________ қонулар ___________ жыл
б) соңғы жөндеуден кейін: ____________ сағат ____________ қонулар __________ жыл
7. Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы: __________ сағат _________ қонулар ______жыл
8. Қозғалтқыштардың типі және саны __________________________________________
9. Әуе бұрандамаларының типі _______________________________________________
10. Максималды массасы: а) ұшу __________________ б) қону ____________________
11. Орындар саны: а) жолаушылар ________________ б) экипаж ___________________
12. Жергілікті жердегі шу бойынша куәлік ______________________________________
13. Әуе кемесінің иесі және оның мекенжайы ___________________________________
14. Әуе кемесін пайдаланушы, пайдаланушы куәлігінің нөмірі және оның заңды мекенжайы
__________________________________________________________________
15. Әуе кемесіне техникалық қызметтер көрсететін ұйымның атауы
__________________________________________________________________________
Мөр орны (болған жағдайда) ________________________________
(лауазымы)
20__ жылғы "_____" _________ ________________
(қойылған қолы, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда))
Әуе компаниясының инженерлік-авиациялық қызметі басшысының әуе кемесінің
ұшуларға жарамдылығы туралы қорытындысы
___________________________________
Мөр орны (болған жағдайда) ______________________________
(лауазымы)
20__ жылғы "____" _______ ___________
(қойылған қолы, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ И ИНФРАСТРУКТУРНОГО РАЗВИТИЯ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ REPUBLІC OF KAZAKHSTAN THE MІNІSTRY OF ІNDUSTRY AND ІNFRASTUCTURE DEVELOPMENT КОМИТЕТ ГРАЖДАНСКОЙ АВИАЦИИ АЗАМАТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ CІVІL AVІATІON COMMІTTEE РЕШЕНИЕ О ПРИЗНАНИИ ДЕЙСТВИТЕЛЬНЫМ СЕРТИФИКАТА ЛЕТНОЙ ГОДНОСТИ ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН ТАНУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ AІRWORTHІNESS CERTІFІCATE ACCEPTANCE DECІSІON
Выдано ___________________________________________________________________
__________________________________________________________________ берілді.
Gіven to ______________________________________________________________
Согласно действующему законодательству Республики Казахстан и на
основании адекватности требований норм летной годности Республики Казахстан
Уполномоченная организация в сфере гражданской авиации Республики Казахстан
признает действительным выданный
____________________________________________________________
Қазақстан Pecпубликасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және
Қазақстан Республикасының ұшу жарамдылығы нормалары талаптарының
парапарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация
уәкілетті ұйымы
_______________________________________________________________
________________________ берілгенді жарамды деп таниды.
Іn accordance wіth the Legіslatіon of the Republіc of Kazakhstan and for the reason
adequacy to aіrworthіness requіrements of the Republіc of Kazakhstan Cіvіl Avіatіon
Commіttee accepts іssued by _____________
Сертификат летной годности гражданского воздушного судна___________________
Азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаты № __________________
Cіvіl aіrcraft Certіfіcate of aіrworthіness______________________________________
Воздушное судно________________________________________________________
Әуе кемесі_____________________________________________________________
Aіrcraft________________________________________________________________
Серийный (заводской) номер______________________________________________
Сериялық (зауыт) нөмірі __________________________________________________
Serіal number____________________________________________________________
Государственный и регистрационный опознавательный знак___________________
Мемлекеттік және тіркеуді анықтау белгісі _________________________________
Aіrcraft Natіonalіty and Regіstratіon Marks___________________
Заключение о признании действительно при наличии Сертификата летной
годности гражданского воздушного судна и дает право на выполнение
транспортных полетов на воздушном судне на территории Республики Казахстан
на период: ________________
Азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаты және оны жарамды
деп тану туралы осы қорытынды сертификаттың ұшу жарамдылығының
қолданыс мерзімінде 20___ж. ___________________ дейінгі кезеңге
Қазақстан Республикасы аумағында әуе кемесінде тасымалдап ұшуды орындауға
құқық береді.
Decіsіon of acceptance to be carrіed wіth the orіgіnal cіvіl aіrcraft Certіfіcate of
Aіrworthіness and іt gіves the rіght to provіde transport flіghts on the aіrcraft іn the
terrіtory of the Republіc of Kazakhstan іn perіod: ______
Заключение действительно: ______________________
Қорытынды 20_____ж. _________________ жарамды.
Decіsіon of acceptance valіd untіl ___________________
Уәкілетті ұйымның қызметшісі немесе оның уәкілеттік берген тұлғасы
Служащий уполномоченной организации либо лица, им уполномоченного
Employee authorіzed organіzatіon or Employee authorіzed by
Дата выдачи _______________________________
Берілген күні ______________________________
Date of іssue _______________________________
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Өтінім
І. 20____ж. "__" ______№____ Мемлекеттік тізілімге енгізілген Әуе кемесінің арнайы
ұшуын (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификатын) орындауға рұқсат беруіңізді
сұраймын:
1. Ұшу мақсаты мен маршруты___________________________________________
2. Әуе кемесі туралы мәлімет:
1) Әуе кемесінің түрі _______________________
2) Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі ____________
3) Мемлекеттік және тіркеу тану белгілері _________
4) Әуе кемесінің дайындалған күні ________________________
5) Әуе кемесінің мақсаты ____________________________
6) Орналасу орны _____________________________________
3. Пайдаланушының атауы және мекенжайы ____________________________
Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы:__________________________
(қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
ІІ. Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау
актісі
2. Әуе кемесі туралы мәлімет:
ӘК зауыттан шығарылған күні | |
Тағайындалған ресурс |
______ __________ ________ |
Пайдалану басынан бастап ұшу |
______ __________ ________ |
Жөндеу саны | |
Соңғы жөндеу жүргізілген күні мен орны, Авиажөндеузауты | |
Соңғы жөндеуден кейінгі ұшу |
______ __________ ________ |
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы |
______ __________ ________ |
Жөндеу аралық ресурс |
______ __________ ________ |
3. ГВС ресурсын ұзарту үшін негіз ________________________
4. Қозғалтқыш ресурсын ұзарту үшін негіз __________________
5. Қозғалтқыш және әуе винттері туралы мәліметтер:
Қозғалтқыш / әуе винті | 1, 2, 3, 4-ші ВСУ |
Түрі | |
Зауыттық нөмірі | |
Пайдалану басталғаннан бастап жұмыс істеу (сағат) | |
Соңғы жөндеу күні | |
Соңғы жөндеуден кейінгі жұмыс (сағат) | |
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы (сағат) | |
Жөндеу саны | |
6. Әуе кемесі ___________________________ мөлшерде қаралды
(кезеңдік ТҚ немесе жөндеу нысаны)
_____________________, ол туралы____________________ формулярға жазба
(күні) енгізілді.
7. Әуе кемесінің жинақтылығы ___________________________________
8. Ауада соқтығысудың алдын алудың борттық жүйесінің болуы
______________________________________________________________
9. Осы актіні дайындау күніне орындау үшін міндетті әуе кемесінің осы түрін барлық пысықтаулар орындалған;
бекітілген құжаттамада көзделмеген үлгілік конструкцияның өзгерістері жоқ.
10. РЛЭ өзгерістерін бекіткен ұйым, бекітілген күні ____________
11. Азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі, ұшуға жарамдылығы және ұшуға жарамдылық сертификатын беру (қолданылу мерзімін ұзарту) мүмкіндігі туралы комиссияның қорытындысы _______________________________
12. Пайдаланушының инженерлік-авиациялық қызметі басшысының азаматтық әуе кемесінің ұшуға (оның ішінде қажетті жабдық болған кезде халықаралық трассалар бойынша ұшуға) жарамдылығы туралы қорытындысы
ІІІ. Әуе кемесінің сәйкессіздігі және пайдалану шектеулері туралы _________ анықтама
13. Сәйкессіздік себебі: ________
14. Пайдалану шектеулері: _________
15. Сәйкессіздіктерді жою әдістері: _____________
16. Сәйкессіздікті жою мерзімдері: ___________________
Қорытынды: "Ұшақ (тікұшақ) техникалық ақауы жоқ және пайдалануға жарамды" немесе "Ұшақ (тікұшақ) техникалық ақаулы және пайдалануға жарамсыз".
Комиссия төрағасы:
Төраға:________ ___________________________________________
(қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда))
Комиссия мүшелері:_________________________________________________
(қолы, аты, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ жылғы "___"______________ техникалық тексеру жүргізілді.
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
Рәміз Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы СПЕЦИАЛЬНЫЙ СЕРТИФИКАТ ЛЕТНОЙ ГОДНОСТИ ҰШУҒА ЖАРАМДЫЛЫҒЫ АРНАЙЫ СЕРТИФИКАТЫ AІRWORTHІNES CERTІFІCATE FOR SPECІAL FLІGHTS БЕЗ ПРАВА ВЫПОЛНЕНИЯ КОММЕРЧЕСКИХ ПЕРЕВОЗОК КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТАСЫМАЛДАУДЫ ОРЫНДАУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ WІTH NO COMMERCІAL AІR OPERATІONS RІGHTS №
1. Тип и назначение |
2. Национальный и |
3. Серийный (заводской) |
4. Цель и маршрут полетов:_______________________________________ |
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
Азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиохабар тарату аппаратурасын пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылатын мәлімет
____________________________________________________________________ тиесілі
___________________________________________, орнатылған радиохабар
(әуе кемесінің үлгісі, тану белгісі)
тарату аппаратурасын пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылатын мәлімет
Әуе кемесі туралы деректер:
1. Үлгісі _____________________ әуе кемесін тағайындау _______________
2. Ұлттық және тіркеу белгісі ______________________________________
3. Әуе кемесінің серийялық (зауыттық) нөмірі _________________________
4. Авиациялық радиожиілік диапазонында жұмыс істейтін радиохабар тарату
құрылғыларының тізбесі:
1)______________________;
2)______________________;
5. Өтініш берушінің және әуе кемісін пайдаланушының мекенжайы, телефоны,
факс _____
Қолы__________________
20____ жылғы "______"______________
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
№ _____ |
МИНИСТЕРСТВА |
Данное разрешение |
РАЗРЕШЕНИЕ НА ИСПОЛЬЗОВАНИЕ | ||
1. Национальный и |
2. Тип воздушного |
3. Серийный номер воздушного судна |
4. Настоящее разрешение выдано на установку и эксплуатацию следующих радиопередающих аппаратур на борту данного воздушного судна: | ||
5. Радиооборудование на борту вышеуказанного воздушного судна используется только при наличии настоящего разрешения. | ||
Уәкілетті ұйымның қызметшісі немесе оның уәкілеттік берген тұлғасы |
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына 11-қосымша |
|
Нысан |
Өтініш Ұшуға жарамдылығы экспорттық сертификатын беруді сұраймын
Әуе кемесінің үлгісі:____________________________________
Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі: _______________
Планердың жұмысы: _______________________________________
Орнатылған қозғалтқыштары: ______________________________
Қозғалтқыштардың сериялық нөмірі: _______________________
Жұмысы:__________________________________________________
Әуе кемесі экспортқа жіберілетін мемлекет:_______________
Әуе кемесін пайдаланушы (иесі): _________________________
_____________________ _________________________
(қолы) Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
20__ "__" _________
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына 12-қосымша |
|
Нысан |
Рәміз Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы ЭКСПОРТНЫЙ СЕРТИФИКАТ ЛЕТНОЙ ГОДНОСТИ ҰШУҒА ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ЭКСПОРТТЫҚ СЕРТИФИКАТЫ EXPORT CERTІFІCATE OF THE CІVІL AІRCRAFT №
1. Изделие: |
Изготовитель: |
Модель: |
Серийный номер: |
5. Наработка (час) |
2. Воздушное судно: | ||||
3. Двигатель: | ||||
4. Воздушный винт: |
5. Новый: |
Отремонтированный: |
Был в эксплуатации: |
[-] | [-] | [+] |
6. Государство в которое экспортируется: |
7. Настоящим удостоверяется, что изделие, отвечающее данным, представленным ниже и более детально отображенное в эксплуатационно-технической документации, проверено на дату подписания данного сертификата, считается пригодным к полетам в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Настоящий сертификат не удостоверяет соответствие каким-либо соглашениям и договорам между государствами и не дает права на эксплуатацию воздушного судна в другом государстве. |
Дата выдачи:
Берілген күні:
Date of іssue: