ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
2) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылық сертификаты – уәкілетті ұйым немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген, әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) оларды пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын құжат (бұдан әрі – сертификат);
3) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы – Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес басқа мемлекеттің әуеайлақты (тікұшақ айлағын), пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғасы.
4) өтінім – өтініш берушінің сертификаттық тексеру рәсімінен өту үшін уәкілетті ұйымға жазбаша өтініші;
5) өтініш беруші – сертификат алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
6) сертификаттық тексеру – әуеайлақты, оның жабдықтарын, пайдалану рәсімдерін, әуеайлақты ұстау және пайдалану жөніндегі технологиялық үдерістерді, құжаттаманы, ұйымдық құрылымды, сондай-ақ өтініш беруші мамандар құзыреттілігінің сертификаттау талаптарына сәйкестігіне уәкілетті ұйым жүзеге асыратын тексеру;
7) бет үстінен көтерулі тікұшақ айлағы – көтеріңкі тұрған конструкцияда орналастырылған тікұшақ айлағы;
8) беттік деңгейдегі тікұшақ айлағы – жер бетінде немесе жер бетіндегі құрылыстың үстінде орналасқан тікұшақ айлағы, мәселен мұнай және газ өндіру үшін қолданылатын барлау және/немесе қолдануларды орнату;
9) тікұшақ алаңы - тікұшақ әуеайлағы, ашық теңізде қозғалмайтын немесе судың бетіндегі құрылғыда орналасқан.
4. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттаудың мақсаты әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздік, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған ортаны қорғау үшін әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларының (бұдан әрі - әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормалары) талаптары осы Қағидалардың мақсаттары үшін сертификаттық талаптар болып табылады.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сертификаттарды беруді, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттау талаптарының сақталуын бақылауды уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elіsense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Жарық сигналды, радиотехникалық және метеожабдықтармен жарақталған әуеайлақтардың жарамдылығын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ІІ, ІІІ санаттарының бірі бойынша сертификаттау үшін уәкілетті ұйым халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының мамандарын тартуы мүмкін.
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
7. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттауды жүргізу тәртібі рәсімдердің мынадай ретін көздейді:
1) өтініш берушінің уәкілетті ұйымға сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге осы Қағидаларға 3-қосымшадағы сәйкес нысан бойынша портал арқылы беруі. Қайта сертификаттауға арналған өтінім қолданыстағы сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін отыз бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті ұйымның әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығына сертификаттау жүргізуге арналған өтінімі бойынша алдын ала бағалау және шешім қабылдау;
3) уәкілетті ұйым комиссиясының тиісті жерге барып сертификаттық тексеру жүргізуі;
4) уәкілетті ұйымның шешім қабылдағаннан кейін портал арқылы сертификат беруі (беруден бас тартуы).
Әрбір кейінгі рәсім алдыңғы рәсімнің оң нәтижелері кезінде орындалады.";
13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Уәкілетті ұйым өтініш пен ұсынылған құжаттарды оны алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастырады.
14. Өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемелі бас тартады.
Өтініш бойынша ескертулер болмаған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіні оларға сәйкестікке әуеайлақ сертификатталатын сертификаттау рәсімдері, нормативтік талаптар туралы хабарлайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығына сертификаттау жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім шығарады.
15. Сертификаттық тексеруді жүргізу үшін комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамын уәкілетті ұйымның басшысы немесе оны алмастырушы тұлға айқындайды.";
22-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өтініш берушінің және (немесе) сертификат беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Заңның 64-бабы 1-тармағында және белгіленген талаптарға әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Уәкілетті ұйым мынадай жағдайларда:
1) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы сертификаттау талаптарын сақтамаса;
2) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтініші бойынша сертификаттың қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
Уәкілетті ұйым сертификаттың қолданылуын жоғарыда көрсетілген жағдайларды анықтаған (тапқан) кезден бастап тоқтатады.
Анықталған кемшіліктер жойылғаннан және уәкілетті ұйымға растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін сертификаттың қолданылуын қалпына келтіруді сертификаттық тексеруден кейін уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
25. Егер әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы тоқтата тұру негіздемесінің анықталған сәйкессіздіктерін жоймаса, уәкілетті ұйым сертификатты қайтарып алады.";
27, 28, 29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Сертификаттың қолданысын тоқтата тұрған немесе кері қайтарылып алынған жағдайда, уәкілетті ұйым сертификаттың иесіне қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Сертификаттың қолданысын тоқтату сертификаттың қолданысын тоқтату немесе сертификатты қайтадан алу туралы хабарламаны әуеайлақ пайдаланушысы алынған сәттен бастап күшіне енеді.
Әуеайлақ пайдаланушысы уәкілетті ұйымға хабарлама алғаны туралы дереу хабарлайды.
28. Уәкілетті ұйымның келісімі бойынша әуеайлақты (тікұшақ әуеайлағын) пайдалануға жарамдылығы, егер ондай шегінулер белгіленгенге барабар ұшу қауіпсіздігінің деңгейін қамтамасыз ететін қосымша шараларды енгізуімен өтелсе, нормаларынан уақытша шегінуге жол беріледі.
Бұл ретте ұшу қауіпсіздігінің барабар деңгейін (бұдан әрі – ҰҚБД) қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданады, сертификаттық құжаттама құрамына енгізілетін және сертификат алуға арналған өтінімге қоса берілетін қажетті құжаттама әзірленеді. ҰҚБД қамтамасыз етудің тиісті шараларын қабылдау туралы құжаттама бағалау, тәуекелді басқару әдістемесінің негізінде жасалады және оған өтініш беруші мен ҰҚБД-ны әзірлеуге қатысқан ұйым қол қояды.
29. ҰҚБД бойынша құжаттаманы әзірлеу үшін өтініш беруші (әуеайлақ (тікұшақ әуеайлағының) пайдаланушысы, иесі) тиісті ғылыми-зерттеу және/немесе өзге де құзыретті ұйымдарды тартуы мүмкін. Тәуекелді бағалау мақсатында ҰҚБД әзірлеуге дейін осы шараларға қатысты уәкілетті ұйымнан консультация алуы қажет.
Уәкілетті ұйыммен келісілгеннен кейін осы әуеайлақта (тікұшақ айлағында) ҰҚБД қолданысқа енгізу туралы ақпарат он жұмыс күні ішінде әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқауға және аэронавигациялық ақпараттың басқа да құжаттарына енгізіледі.
30. Азаматтық авиация ұйымының атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген және сертификаттау талаптарына және әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуіне алып келмейтін басқа да өзгерістер болған жағдайда сертификатқа тиісті өзгерістер енгізіледі.";
32, 33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Әуеайлақта ұшу-қону жолағының, рульдеу жолдарының, әуе кемелерінің тұрақ орындарының, перрондарының физикалық, геометриялық сипаттамасына, жарық сигналдық, радиотехникалық немесе метеорологиялық жабдықтарды орнатуға, қайта жаңартуға және жаңғыртуға, әуеайлақ объектілерін электрмен жабдықтауды қайта жаңартуға немесе жаңғыртуға; талап етілетін өрттен қорғау деңгейі бойынша санатты өзгертуге; ИКАО-ның 15-қосымшасына сәйкес әуеайлақтың 2, 3 немесе 4-ауданында кедергілердің құрамы мен сипаттамасындағы өзгерістерге қатысты бөлікте әуеайлақта өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, сертификаттың иесі өзгерістерді есепке ала отырып, әуеайлақ объектісінің пайдалану талаптарына сәйкестігін анықтайды және өзгерісті әуеайлақ нұсқауына енгізу үшін уәкілетті ұйымнан мақұлдау алу үшін өтінім жолдайды.
Өзгерістерді ескере отырып, әуеайлақтың пайдалану талаптарына сәйкестігін анықтау жұмысына қажеттілігіне қарай ғылыми-зерттеу немесе өзге де құзыретті ұйымдар тартылады.
33. Өзгерістерге мақұлдау алу үшін өтінім уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген ныcанда ұсынылады. Өтінімге сертификаттық құжаттардың өзгерістерге байланысты түзетулері қоса беріледі.
34. Берілген өтінім уәкілетті ұйымға түскен кезден бастап он жұмыс күн ішінде қаралады.
35. Уәкілетті ұйым өтінімді қараған соң және қажет болған жағдайда әуеайлақты тексереді, сертификаттың иесіне қарау нәтижелері туралы хабарлайды және қажет болған жағдайда әуеайлақтың сертификатына өзгеріс енгізеді.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2019 жылғы 1 тамыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
20___ жылғы "____" _____________
ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ Серия АРД № _____
20__ жылғы "___" __________ берілді
20__ жылғы "___" __________ дейін жарамды
1. Әуеайлақ (әуеайлақ атауы)
______________________________________________________
2. Әуеайлақтың орналасқан жері (әкімшілік және географиялық
координаталары)___________________________________________________________
__________________________________________________________________________
3. Әуеайлақтың иесі ________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Әуеайлақтың пайдаланушысы _____________________________________________
__________________________________________________________________________
5. Әуеайлақтың сыныбы және ИКАО коды _____________________________________
6. Әуеайлақта талап етілетін өрт қауіпсіздігі санаты _____________________________
__________________________________________________________________________
7. Осы арқылы әуеайлақтың азаматтық әуеайлақтарды пайдалану талаптарына және
жарамдылық нормаларына сәйкес келетіні куәландырылады. Осы сертификаттың
ажырамас бөлігі болып табылатын сертификатқа қосымшада қолданылу саласында
көрсетілген ережелер мен шектеулерді ескере отырып, ұшуларды орындауға рұқсат
етіледі.
8. Сертификатты беру үшін негіз: 20__ жылғы " " ____________________
Сертификаттық тексеру актісі
______________________________________________
(сертификатты берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))
Әуеайлақтың жарамдылық сертификатына қосымша |
|
Серии АРД № __________ |
ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
№ | Ұшу шарттары | Кіру түрі және қону бағыты | Ескертпе |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
№ | Шектеулер | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 |
_______________________________________________________________________
(сертификатты берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))
ТІКҰШАҚ АЙЛАҒЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ ВРД сериясы № _____
20__ жылғы "___" __________ берілді
20__ жылғы "___" __________ дейін жарамды
1. Тікұшақ айлағы (атауы) ___________________________________________________
2. Тікұшақ айлағының орналасқан жері (әкімшілік және географиялық
координаталары)
________________________________________________________________________
3. Тікұшақ айлағының иесі _________________________________________________
4. Тікұшақ айлағын пайдаланушы____________________________________________
5. Тікұшақ айлағының ИКАО бойынша сыныбы (HІ, HІІ, HІІІ) ____________________
6. Осымен тікұшақ айлағы осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын
қолданылу саласын есепке ала отырып, азаматтық тікұшақ айлақтарын пайдалану
талаптары мен жарамдылық нормаларына сәйкес келетіні куәландырылады.
7. Сертификатты беру үшін негіз: 20__ жылғы " " ____________________
Сертификаттық тексеру актісі
________________________________________________________________________
(сертификатты берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))
Тікұшақ айлағының жарамдылық сертификатына қосымша |
|
ВРД сериясы № ___________________ |
ТІКҰШАҚ АЙЛАҒЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
№ | Ұшулар шарттары | Қону бағыты | Ескертпе |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
№ | Шектеулер | ||
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 |
________________________________________________________________________
(сертификатты берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))