Суға батқан мүлікті көтеру құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 590 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 тамызда № 19168 болып тіркелді.

      "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағынның 26-32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Суға батқан мүлікті көтеру құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 590 бұйрығымен
бекітілген

Суға батқан мүлікті көтеру құнын анықтау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында суға батқан мүлікті көтеру құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-32) тармақшасына сәйкес әзірленді және суға батқан мүлікті көтеру құнын айқындау әдістемесін белгілейді.

      2. Суға батқан мүлікке, ішкі су жолдары шегінде қалқып жүруіне немесе су астына, су түбіне кетуіне не саяз суларға немесе жағаға шығып қалғанына қарамастан, апатқа ұшыраған кемелер, олардың сынықтары, жабдықтар, жүктер мен басқа да заттар жатады.

      3. Осы Әдістеме мыналарға қатысты қолданылмайды:

      суға батқан әскери мүлікті көтеру және алып тастау;

      егер мұндай мүлік ішкі су жолдарының шегінде түбінде болса, суға батқан, археологиялық немесе тарихи маңызы бар мүлікті көтеру.

      4. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жоспарланған іс–шараларды калькуляциялау - бұйым бірліктерін немесе бірлік топтарын өндіруге немесе өндірістердің (қызметтердің) жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындарды ақшалай түрде айқындау;

      2) суға батқан мүлікті көтеру - жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жүйелі іс-әрекеттердің (іс-шаралардың) және тексеру, көтеру (алу), алып тастау, суға батқан мүлікті алып тастау және кейіннен жұмыс жүргізу орнын экологиялық тазарту жөніндегі жұмыстардың технологиялық процесі.

2-тарау. Суға батқан мүлікті көтеру құнын есептеу

      5. Көтеру бойынша шығындардың құны жоспарланған сметалық есептеулер мен жоспарланған іс-шараларды одан әрі калькуляциялау негізінде анықталады.

      6. Сметалық есептеулер мен калькуляция "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының талаптарына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тарифтер мен бағалар бойынша есептеледі.

      7. Суға батқан мүлікті көтеру жөніндегі іс-шаралар (жұмыстар) құрамына:

      1) суға батқан мүліктің орналасу орнын навигациялық белгілермен жабдықтау, кейіннен навигациялық белгілерді орналастыру схемасына түзетулер енгізу және көбейту;

      2) суға батқан мүліктің және су жолдары акваториясының іргелес жай-күйін тексеру;

      3) суға батқан мүлікті көтеру және іргелес акваторияны экологиялық тазарту жобасын әзірлеу;

      4) суға батқан мүлікті көтеру, алып тастау және іргелес акваторияны экологиялық тазалау кіреді.

      8. Суға батқан мүліктің орналасу орнын навигациялық белгілермен жабдықтау бойынша шығындардың құны, кейіннен навигациялық белгілерді орналастыру схемасына түзетулер енгізу және көбейту мынадай формула бойынша анықталады:

      ZPоб = ZPқб + ZPұб + ZPқб + ZPх + ZPсх + (ZPнб) (1);

      Бұл жерде:

      ZPоб суға батқан мүліктің орнын белгілеуге арналған шығындардың құны (1-формула бойынша анықталады);

      ZPқб навигациялық белгілерді қою және алып тастауға арналған шығындардың құны;

      ZPұб навигациялық белгілерді ұстауға арналған шығындардың құны;

      ZPқб навигациялық белгілерді навигацияға орналастырудың бекітілген схемасына қосымша навигациялық белгілерді енгізуге және суға батқан мүлкі бар учаскеде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеме жүрісінің өзгеруіне байланысты навигациялық белгілерді орналастырудың бекітілген схемасына қосымша навигациялық белгілерді қоюға, ұстауға және алуға арналған шығындардың құны;

      ZPнб қосымша навигациялық белгілерді дайындауға арналған шығындардың құны;

      ZPх кеме жүргізушілерді енгізілген түзетулер туралы хабардар етуге арналған шығындардың құны;

      ZPсх навигациялық белгілерді орналастыру схемасына енгізілген түзетулерді әзірлеуге және көбейтуге арналған шығындардың құны.

      9. Суға батқан мүліктің және су жолдарының іргелес жатқан акваториясының жай-күйін тексеру жөніндегі шығындардың құны мынадай формула бойынша есептеледі:

      ZPтекс = ZPқ + ZPжаб2 + ZPіра2 + ZPтм + ZPзерт (2);

      Бұл жерде:

      ZPтекс суға батқан мүлікті және оған іргелес акваторияны тексеруге арналған шығындардың құны (2-формула бойынша анықталады);

      ZPқ кеме мен оның экипажының немесе басқа көлік немесе жүк көтергіш құралының және оларды басқаратын мамандардың жұмысына арналған шығындардың құны;

      ZPжаб2 жабдықтар мен операторлардың жұмыс орнына және кері тасымалдауды қоса алғанда, олардың жұмыс істеуіне арналған шығындардың құны;

      ZPіра2 сүңгуірлер мен жабдықтардың жұмыс орнына және кері тасымалдауды қоса алғанда, олардың жұмысына арналған шығындардың құны;

      ZPтм басқа тартылған мамандардың жұмысына арналған шығындарының құны;

      ZPзерт қажетті зертханалық зерттеулерді алуға және мамандандырылған ұйымдардан қажетті қорытындылар алуға арналған шығындардың құны.

      10. Суға батқан мүлікті көтеру және іргелес акваторияны экологиялық тазарту жобасын әзірлеуге арналған шығындардың құны мынадай формула бойынша есептеледі:

      Zжоба = Zтехн жоба + Zтехн жоба бөл + Zэ жоба + Zбше + Zкелс (3);

      Бұл жерде:

      Zжоба жобаны әзірлеуге және келісуге арналған шығындардың құны (3-формула бойынша анықталады);

      Zтехн ж жобаның техникалық бөлігін әзірлеуге арналған шығындардың құны;

      Zтехн жоба бөл жобаның технологиялық бөлігін әзірлеуге арналған шығындардың құны;

      Zэ жоба жобаның экологиялық және табиғат қорғау бөлігін әзірлеуге арналған шығындардың құны;

      Zбше балық шаруашылығына залал есебін әзірлеуге арналған шығындардың құны;

      Zкелс жобаны келісуге арналған шығындардың құны.

      11. Суға батқан мүлікті көтеру, жою және іргелес акваторияны экологиялық тазалау шығындарының құны мынадай формула бойынша есептеледі:

      ZPжұм=ZPжар+ZPпол+ZPсо+ZPкж+ZPтр+ZPтқ+ZPстж3+Zэл+Zбшз      (4);

      Бұл жерде:

      ZPжұм суға батқан мүлікті көтеруге, жоюға, кәдеге жаратуға және іргелес акватория мен аумақты экологиялық тазалауға арналған шығындардың құны (4-формула бойынша анықталады);

      ZPжар технологиялық жабдықтарды, жарақтарды, мүкәммалды, құрылғыларды әзірлеуге, сатып алуға және/немесе дайындауға және/немесе жалға алуға арналған шығындардың құны;

      ZPпол полигонды дайындауға арналған шығындардың құны;

      ZPсо сақтау орындарын ұйымдастыруға арналған шығындардың құны;

      ZPкж суға батқан мүлікті, ластаушы заттарды, ластанған суды және/немесе ластанған топырақты кәдеге жарату шығындарының құны;

      ZPтас суға батқан мүлікті, ластаушы заттарды, ластанған суды және/немесе ластанған топырақты кәдеге жарату орнына тасымалдауға дайындау шығындарының құны;

      ZPтқ техникалық құралдардың және олардың экипаждарының немесе операторлардың жұмысына арналған шығындардың құны;

      ZPстж3 суасты-техникалық жұмыстарды, суға батқан мүлікті көтеру және жою, ластаушы заттарды, ластанған суды және/немесе ластанған топырақты жинау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуге арналған шығындардың құны;

      Zэл экологиялық ластанудан келтірілген залалды өтеу бойынша шығындардың құны;

      Zбшз балық шаруашылығына келтірілген залалды өтеу бойынша шығындардың құны.

      12. Суға батқан мүлікті көтеру бойынша шығындардың толық құны келесі формула бойынша жоғарыда көрсетілген жұмыстарды қосу есебінен анықталады:


жоспар = ZPоб + ZPтекс + Zжоба + ZPжұм (5).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады