"Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 қазанда № 19488 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.09.2019 бастап күшіне енеді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10627 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келесі жылдарға электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті түзету қажет болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейін уәкілетті органға өткен жылғы қаржылық есептілікті растау құжаттарын қоса бере отырып, электр энергиясын өндірудің негізгі шығындарын болжамды ұлғайту туралы ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарларында көзделген болжамдағы инфляция деңгейін ескере отырып, есептеулерді ұсынады.

      Уәкілетті орган түзету енгізген электр энергиясына шекті тарифтер және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтер электр энергиясына шекті тарифтерге және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерге түзетулер енгізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Ағымдағы жылы электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындар нақты бір реттен артық емес ұлғайған кезде энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді енгізудің болжамды күніне дейін екі ай бұрын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындардың ұлғаюы туралы ақпаратты ұсынады.

      Электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді қолданысқа енгізу олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымды хабардар ете отырып, электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді түзетуден бас тартады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді және ресми жаралануға тиіс.

      Министр К. Бозумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады