Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2019 жылғы 8 қарашадағы № 540 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 қарашада № 19588 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) бұйрығымен.

      2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 11096, 2015 жылғы 11 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады";

      11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй "Министрліктер үйі" ғимараты, 13-кіреберіс";

      "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бас тарту негіздері:

      1) субъектілердің осы санатына Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;

      2) лицензиялық алым төленбесе;

      3) "Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 10270) мемлекеттік қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      4) лицензиялауға жататын, мемлекеттік қызметті алушыға қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;

      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде мемлекеттік қызметті алушының лицензияны алуына сот тыйым салса;

      6) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау"; 6).

      11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй "Министрліктер үйі" ғимараты, 13-кіреберіс".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 "Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 11095, 2015 жылғы 11 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер және қосымшалар енгізілсін:

      "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер анықтамаларының электрондық көшірмесі";

      11 - тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй "Министрліктер үйі" ғимараты, 13-кіреберіс".

      "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4- тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мынаны:";

      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер анықтамаларының электрондық көшірмесі";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бас тарту негіздері:

      1) субъектілердің осы санатына Қазақстан Республикасының заңдарымен қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;

      2) лицензиялық алым төленбесе;

      3) "Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 10270) мемлекеттік қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      4) лицензиялауға жататын, мемлекеттік қызметті алушыға қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;

      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде мемлекеттік қызметті алушының лицензияны алуына сот тыйым салса;

      6) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.";

      11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй "Министрліктер үйі" ғимараты, 13-кіреберіс".

      "Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттері (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) қызмет берушімен;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы";

      Мынадай 9-2-тармақпен толықтырылсын:

      "9-2. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.";

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады";

      10-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғасының әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін мемлекеттік қызмет сұрақтары бойынша шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй "Министрліктер үйі" ғимараты, 13-кіреберіс".

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды;

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Н. Пан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады