2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"183. Мемлекеттік мекемелердің өткен қаржы жылының желтоқсанында ұсынылған төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген қызметтер (коммуналдық қызметтер, қоқысты шығару қызметтері, байланыс қызметтері, телерадио хабарларын тарату қызметтері) үшін төлеуіне жол беріледі.
Ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша, өткен қаржы жылындағы желтоқсан үшін төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген көлік қызметтері және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу үшін мемлекеттік мекемелердің төлеуіне рұқсат етіледі.";
378-21 тармақтың жетінші және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Бас мердігердің қосалқы мердігерлерге мемлекеттік сатып алу шоттарына және ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) екінші деңгейдегі банкте ашық шоттарға аванстық (алдын-ала) төлемді жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде аударуы төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.
Қосалқы мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарынан ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) аванстық (алдын-ала) төлемді жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде аударуы төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.";
378-24 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"378-24. Мемлекеттік мекеме мен бас мердігер арасында қазынашылық қолдау кезінде жасалған шарт талаптарына байланысты іс жөніндегі сот актісінен өзге, МСА шоттарындағы ақшаға инкассолық өкім қоюға жол берілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (Ерназарова З. А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі |
А. Смаилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі