БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба)" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19445 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 7 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде (пилоттық жоба):
6-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік кірістер органдары:
1) салық есептілігін ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін камералдық бақылау жүргізуге;
2) пилоттық жобаны іске асыру барысында жоғары тәуекел деңгейіне жатқызылған салық төлеушіден қаржы-шаруашылық операциясын жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуге;
3) пилоттық жоба шеңберінде ЭШФ жазып беруге шектеу жүргізілген салық төлеушілер тізімі айына бір реттен жиі емес Комитеттің http://kgd.gov.kz ресми сайтында орналастыруға құқылы.";
8-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
"8. Осы Қағидалардың шеңберінде жолданған хабарламалар ол тапсырылған (алған) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орындауға жатады.";
11-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
"11. Комитет салық төлеушіге жоғары тәуекел дәрежесін берген соң бір жұмыс күні ішінде:
1) жазып берілген ЭШФ көрсете отырып (олар болған кезде), салық төлеушінің атына хабарлама. Бұл ретте осындай ЭШФ жазып берілген күн 2019 жылғы бірінші қаңтардан ерте болуы мүмкін емес;
2) ЭШФ АЖ салық төлеушінің жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылатындығы туралы хабардар ету және, егер хабарлама орындалмаған жағдайда, ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданылады;
3) ЭШФ деректеріне сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы болып табылатын салық төлеушіге "Салық төлеушілердің кабинеті" веб-қосымшасында хабарлама жолдайды.";
14 және 15-тармақтары мынадай редакцияларда жазылсын:
"14. Мемлекеттік кірістер органдары мынадай жағдайларда және мерзімдерде:
1) осындай түсіндірулер Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылмаған жағдайда, түсіндіруді талдау аяқталған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде;
2) осындай хабарлама орындалмаған жағдайда, хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданады.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары ЭШФ АЖ-ға кіруге осындай шектеу болған кезде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану туралы, сондай-ақ хабарламаның орындалмауы туралы ЭШФ АЖ-ға хабарлама жолдайды.
15. Хабарлама орындалған жағдайда мемлекеттік кірістер органы осындай хабарлама орындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға кіруге шектеуді қолдануды жояды.";
мынадай мазмұндағы 16, 17 және 18-тармақтармен толықтырылсын:
"16. Хабарламаны орындағаннан кейін ЭШФ жазып беруге шектеуді алып тастаған жағдайда, Салық кодексінің 413-бабында көзделген ЭШФ жазып беру мерзімі осындай шектеу кезіңіне ұзартылады.
17. Камералдық бақылау және камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау, осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, Салық кодексінің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
18. Хабарламаны осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген тәсілдердің бірімен орындаған жағдайда, салық төлеуші бойынша пилоттық жобаның шеңберінде берілген тәуекел дәрежесі алынып тасталады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |