Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қала шегінен тыс емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 397/52-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 1233 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 84/12-VІІ шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 29.09.2021 № 84/12-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен бюджет қаражаты есебінен қала шегінен тыс жоғары технологиялық медициналық көмек алуға жолданған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасының шегінде тегін жол жүру ұсынылсын.

      2. Науқас және оны алып жүруші тұлғаның екі жаққа жол жүру құнын төлеу, қаланың бюджет қаражаты есебінен әуе, теміржол және халықаралық автомобиль көлігімен жүргені үшін, "Тальго" жолаушылар пойызының купе вагоны билетінің орташа құнынан аспайтын көлемде жүргізілсін.

      3. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы №450/62-IV "Астана қаласының тұрғындарына қала шегінен тыс емделуге бюджеттік қаражаттар есебінен тегін жол жүруін ұсыну туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 675 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 25 маусымда "Вечерняя Астана" және "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты сессиясының төрағасы
А. Күрішбаев
      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты хатшысы
Ж. Нұрпейісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады