Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 430/55-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қазанда № 1247 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 26 тамыздағы № 529/71-VI шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 26.08.2020 № 529/71-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Бюджетке салық және басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы аумағында қызметтерін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін.

      2. "Астана қаласының аумағында белгіленген салық ставкаларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 203/31-IV шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормавтивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 571 болып тіркелген, 2009 жылғы 28 сәуірде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Қ. Таукен
      Нұр-Сұлтан қаласы
      мәслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов

  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2019 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 430/55-VI шешіміне
қосымша

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында белгіленетін тіркелген салық ставкалары

Р/с №

Салық салу объектінің атаы

Салық салу объектінің бірлігі

Бір айда белгіленген салықтың ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

12

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

4.

Ойын жолы

1

30

5.

Карт

1

5

6.

Бильярд үстелі

1

12

7.

Уәкілетті ұйымның Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан айырбастау пункті

1

70


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады