"Ақмола облысында жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу туралы" Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 6 шілдедегі № а-7/243 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 6 шілдедегі № 3С-28-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № A-9/424 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 6С-37-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 қыркүйекте № 7377 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақмола облысында жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу туралы" Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 6 шілдедегі № а-7/243 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 6 шілдедегі № 3С-28-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3233 болып тіркелген, 2007 жылғы 23 тамызда "Арқа ажары" газетінде, 2007 жылғы 28 тамызда "Акмолинская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасында:

      9 - реттік нөмірінің жолында:

      "Еңбекшілдер" сөзі "Біржан сал" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Ғ.Бекмағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә.Баймағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады