Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қазанда № 7431 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Кеңес ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінің Кеңес ауылы және Домбыралы ауылы елді мекендерінің жерлерінде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 10,062 гектар жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Р.Ашимов

  Кеңес ауылдық округі әкімінің
2019 жылғы "14" қазандағы
№ 1 шешіміне қосымша

Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінің Кеңес ауылы және Домбыралы ауылы елді мекендерінің жерлерінде белгіленген жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесiнiң орналасқан жерi

Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар жалпы

Жер санаты

Оның ішінде:

егістік барлығы (гектар)

шабындық (гектар)

жайылым (гектар)

басқалар

1

Кеңес ауылы

4,8060

елді мекендердің жері



3,6732

1,1328

2

Домбыралы ауылы

5,2560

елді мекендердің жері



2,4372

2,8188

Барлығы

10,062




6,1104

3,9516


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады