Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Азат ауылы әкімінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қазанда № 7430 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Азат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Ақкөл ауданының Азат ауылы елді мекенінің жерлерінде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 3,8502 гектар жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі С.Ыдырысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады