Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-40/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 7271 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № С-62/2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 30.12.2020 № С-62/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № С-22/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6572 тіркелген, 2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      2) Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № С-22/10 "Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 23 қазандағы № С-28/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6839 тіркелген, 2018 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қ.Тастанбеков
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
Біржан сал ауданының
әкімі

  Біржан сал ауданы
мәслихатының
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ С-40/4 шешімімен
бекітілген

Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

      1. Осы Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер - жалпы халықтың тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Біржан сал ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс - тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – Біржан сал ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      11) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 14.08.2019 № С-41/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы Қағидалар Біржан сал ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек:

      1) ақшалай нысанда алушылардың шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар арқылы;

      2) заттай нысанда көрсетіледі.

      7. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндердің және мерекелік күндердің тізбесі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      3) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      4) 1 қазан – Қарт адамдар күні;

      5) қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 14.08.2019 № С-41/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Алушылар санатының тiзбесiн, әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшерлерiн, табиғи зiлзаланың немесе өрттің салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмекке өтiнiш бiлдiру мерзiмдерiн жергілікті атқарушы органмен белгiлейдi және жергiлiктi өкiлдi органның шешiмiмен бекiтiледi.

      10. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – жыл сайын Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;

      ай сайын 100 пайыз мөлшерінде коммуналдық қызметтерге, қатты отынға, байланыс қызметтеріне, алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жеткізушілердің ұсынылатын қызмет тізіліміне сәйкес;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жылу беру маусымы кезеңінде қатты отын шығындары алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы немесе сатып алынған қатты отынның түбіртегіне сәйкес өтеледі.

      Жеңілдік Ұлы Отан соғысына қатысушысы қолданған кезеңге дейін, бірге тұратын және тіркелген барлық отбасы мүшелеріне де әлеуметтік көмек көрсетіледі;

      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар жыл сайын Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;

      3) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы тұлғалар және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еткен жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз, бір рет;

      4) саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтан зардап шеккен деп танылған тұлғаларға - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз, бір рет;

      5) ең төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге – Қарт адамдар күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз, бір рет;

      6) 1, 2, 3 топ мүгедектері және 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғаларға – Мүгедектер күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз, бір рет;

      7) табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен отбасыларына (азаматтарға) елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде акт немесе анықтама негізінде табиғи апаттан немесе өрттен кейінгі үш ай мерзімінде беріледі;

      8) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вируспен) – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Біржан сал аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны есебінде тұрған тұлғаларға тізімдер ұсыну негізінде жылына бір рет беріледі;

      9) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтініш негізінде;

      10) аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан, халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерінен (отбасыларынан) шыққан, колледждерде және жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқу орнымен жасалған шарт көшірмесінің, оқу орнының анықтамасының, көп балалы отбасынан шыққандығын, немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға немесе халықтың әлеуметтік әлсіз жігіне жататындығын растайтын анықтаманың негізінде – оқу ақысы мөлшерінде. Жоғары медициналық оқу орындарында оқитын болса, шарт аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалады;

      11) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушылар арасынан, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай, облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз, бір рет;

      12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған күнінен бастап үш ай ішінде Біржан сал ауданына тұрақты тұруға келген тұлғаларға бас бостандығынан айыру орындарында болғандығын растайтын құжаттар негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 14.08.2019 № С-41/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қортындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 14.08.2019 № С-41/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнүсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе қала, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 14.08.2019 № С-41/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Қала, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 14.08.2019 № С-41/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 14.08.2019 № С-41/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Үлгілік қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе қала, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 14.08.2019 № С-41/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда-негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады