2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № А-1/89 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 ақпанда № 7080 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. К. Айткужиноваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Тәткеев

 
  Целиноград ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 15 ақпандағы
№ А-1/89 қаулысымен
бекітілген

2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1

Балабақша

2138

5231

26000

23869,7

2

Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық

276

0

8896,1

0

      кестенің жалғасы:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

11000

16000

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады