Шортанды ауданы Раевка ауылдық округінің Раевка ауылының шекараларын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № А-2/37 қаулысы және Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 ақпандағы № С-38/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 наурызда № 7088 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шортанды ауданы Раевка ауылдық округінің Раевка ауылының шекаралары (шегі) қосымшаға сәйкес алаңдарда белгіленсін.

      2. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының
әкімі
Г.Сәдуақасова
      Шортанды аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
В.Волокитин
      Шортанды аудандық
мәслихатының хатшысы
Д.Отаров

 
  Шортанды ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 27 ақпандағы
№ А-2/37 бірлескен
қаулысы мен Шортанды аудандық маслихатының
2019 жылғы 27 ақпандағы
№ С-38/3 шешіміне қосымша

Шортанды ауданы Раевка ауылдық округі Раевка ауылы жерлерінің экспликациясы

  Гектар


Жал
пы ала
ңы

Ауыл шаруа
шылық алқаптарының барлығы

Жайылымдар

Егістік

Су астында

Жолдар астында

Құрылыс астында

Бас
қа
лары

Барлығы

Түбегейлі жақсартылған

2027,0

1770,0

1770,0

456,0

0

57,0

6,0

138,0

56,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады