Байланыс формасы

Шортанды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № А-7/154 "Шортанды ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысының күші жойылдыеп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № А-10/225 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қарашада № 7481 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шортанды ауданы әкімдігінің "Шортанды ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2019 жылғы 22 шілдедегі № А-7/154 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7287 тіркелген, 2019 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Г.Касенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады