Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 97 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 наурызда № 5994 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 503 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 277 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5180 тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 43 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 277 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5892 тіркелген, 2018 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).

      2. "Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М. Тоқжановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады