Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 445 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 6272 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5179 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      "Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері" 2-тарауында:

      11-тармақта:

      7) тармақшасындағы "70 000 (жетпіс мың) теңгеден артық емес" сандары мен сөздері "140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      9) тармақшасындағы "70 000 (жетпіс мың) теңгеден артық емес" сандары мен сөздері "140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын.

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрайымы
Г. Дәрібаева
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шынтасова
      КЕЛІСІЛДІ:
      Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және
      әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
      ____________Қ. Отаров
      2019 жылғы "27" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады