РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулы 01.01.2020 басап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Алға аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары Г. Ахметоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Алдияров |
КЕЛІСІЛДІ: "Алға ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы _____________________С. Мұқанов 15 наурыз 2019 жыл |
Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 қаулысына қосымша |
Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қосымша жаңа редакцияда көзделген - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 27.09.2024 № 237 қаулысымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 13.11.2023 № 305 қаулысымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).
№ р/н | Округтің атауы | Елді мекен | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1. | Алға қаласы | Алға қаласы | 2,1 |
Подхоз тұрғын үй алабы | 1,5 | ||
2. | Ақай ауылдық округі | Ақай ауылы | 1,95 |
Көлтабан ауылы | 1,4 | ||
3. | Бесқоспа ауылдық округі | Есет батыр Көкіұлы ауылы | 2,05 |
Қызылту ауылы | 1,15 | ||
4. | Бестамақ ауылдық округі | Бестамақ ауылы | 2,2 |
Бесқоспа ауылы | 1,95 | ||
5. | Қарағаш ауылдық округі | Самбай ауылы | 2,05 |
Нұрбұлақ ауылы | 1,85 | ||
6. | Қарабұлақ ауылдық округі | Қарабұлақ ауылы | 1,95 |
Амангелді ауылы | 1,60 | ||
7. | Қарақобда ауылдық округі | Қарақобда ауылы | 1,95 |
Ерназар ауылы | 1,25 | ||
Құмсай ауылы | 1,25 | ||
8. | Маржанбұлақ ауылдық округі | Маржанбұлақ ауылы | 2,05 |
Қайыңдысай ауылы | 1,85 | ||
9. | Сарықобда ауылдық округі | Сарықобда ауылы | 1,95 |
Болгарка ауылы | 1,95 | ||
10. | Тамды ауылдық округі | Тамды ауылы | 1,95 |
Еркінкүш ауылы | 1,60 | ||
Талдысай ауылы | 1,70 | ||
11. | Тоқмансай ауылдық округі | Қайнар ауылы | 2,05 |
Тоқмансай станциясы | 1,50 | ||
Тоқмансай ауылы | 1,95 | ||
12. | Үшқұдық ауылдық округі | Үшқұдық ауылы | 2,05 |
Жерұйық ауылы | 1,75 | ||
Ақсазды ауылы | 1,15 | ||
13. | Қарақұдық ауылдық округі | Қарақұдық ауылы | 1,95 |
Көктоғай ауылы | 1,65 | ||
Тікқайың ауылы | 1,65 |