Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 26 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 қарашада № 6451 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округі әкімінің 14.01.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 2-8-05/135 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округіне қарасты Қаражар ауылында орналасқан "Сарыирек" және "Байтау" шаруа қожалықтарының аумағында карантин белгіленсін.

      2. "Жарқамыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, аудандық мерзімді баспа басылымында жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Р. Обаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады