Ырғыз ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 37 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 наурызда № 6012 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ырғыз ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы хаттамалық қорытындысы негізінде Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) "Әлеукеш Көбеков" көшесі;

      2) "Әйтеке би" көшесі;

      3) "Шалқар" көшесі;

      4) "Арал" көшесі;

      5) "Сұңқарқия" көшесі;

      6) "Маңтөбе" көшесі;

      7) "Темірастау" көшесі;

      8) "Қабырға" көшесі;

      9) "Мәні" көшесі;

      10) "Қосбүйрек" көшесі;

      11) "Байтақкөл" көшесі;

      12) "Қызылкөл" көшесі;

      13) "Құмтоғай" көшесі;

      14) "Телқара" көшесі;

      15) "Нарқызыл" көшесі;

      16) "Құтикөл" көшесі;

      17) "Айырқызыл" көшесі;

      18) "Кенесары хан" даңғылы.

      2. "Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ырғыз ауылдық округі әкімінің орынбасары М. Нұрпейіске тапсырылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз ауылдық округінің әкімі А. Сарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады