Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 272 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 6609 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 24.09.2020 № 376 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылға келесідей әлеуметтік қолдау көрсетілсін:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 24.09.2020 № 376 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қобда аудандық маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім оны ресми жарияланғаннан кейін, Қобда ауданы маслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
А. Курганбаев
      Қобдау аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж. Ергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады