Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің Амангелді нүктесі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 тамызда № 6364 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің 06.01.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 2-12-4/114 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің Амангелді нүктесі аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ащысай ауылдық округінің әкімі Н. Каримова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады