"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Қ. Молдахметовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкімі | Б. Унербаев |
Текелі қаласы әкімдігінің 2019 жылғы ______________ № ____ қаулысына қосымша |
Текелі қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | Рудничный ауылдық округі | 1,2 |
2 | Текелі қаласы | 1,6 |