Тескенсу ауылдық округінің Тескенсу, Көлді, Толқын ауылдарындағы көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 8 қарашада № 5296 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тескенсу ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 наурызындағы қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тескенсу ауылдық округінің Тескенсу ауылындағы көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      оңтүстік–батыс бөлігінде орналасқан жаңа № 1 көшеге "Киікбай", жаңа № 6 көшеге "Алатау";

      шығыс бөлігінде орналасқан жаңа № 2 көшеге "Желтоқсан", жаңа № 3 көшеге "Жібек жолы", жаңа № 4 көшеге "Астана", жаңа № 5 көшеге "Бәйтерек", жаңа № 7 көшеге "Жеңіс", жаңа № 8 көшеге "Бейбітшілік";

      Көлді ауылындағы:

      оңтүстік бөлігінде орналасқан жаңа № 1 көшеге "Арал";

      оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан жаңа № 2 көшеге "Бірлік", жаңа № 3 көшеге "Береке";

      Толқын ауылындағы:

      шығыс бөлігінде орналасқан жаңа № 1 көшеге "Тәуелсіздік";

      солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан жаңа № 4 көшеге "Жетісу";

      оңтүстік бөлігінде орналасқан жаңа № 2 көшеге "Достық", жаңа № 3 көшеге "Байқоңыр".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Округ әкімі Б. Доғалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады