Шелек ауылдық округінің Шелек, Май ауылдарындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 121 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 19 желтоқсанда № 5348 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шелек ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Шелек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шелек ауылдық округінің Шелек ауылындағы "Арычная тұйық" көшесі "Көкөзек тұйық" көшесіне, "Авангард тұйық" көшесі "Парасат тұйық" көшесіне, "Дачная тұйық" көшесі "Саялы тұйық" көшесіне, "Илийская тұйық" көшесі "Бастау тұйық" көшесіне, "Кирпичная тұйық" көшесі "Ырысты тұйық" көшесіне, "Ключевая тұйық" көшесі "Сәулет тұйық" көшесіне, "Медицинская тұйық" көшесі "Көкжиек тұйық" көшесіне, "Новоселская тұйық" көшесі "Шапағат тұйық" көшесіне, "Садовая тұйық" көшесі "Игілік тұйық" көшесіне, "Солнечная тұйық" көшесі "Мереке тұйық" көшесіне, "Стадионная тұйық" көшесі "Мерей тұйық" көшесіне, "Авангардская" көшесі "Саяжай" көшесіне, "Заречная" көшесі "Ұлытау" көшесіне, "Молодежная" көшесі "Белбұлақ" көшесіне, "Складская" көшесі "Ақтоғай" көшесіне, "Виноградная" көшесі "Қайрат Рысқұлбеков" көшесіне, "Владимир Маяковский" көшесі "Рақымжан Қошқарбаев" көшесіне, "Луговая" көшесі "Евгений Брусиловский" көшесіне;

      Шелек ауылдық округінің Май ауылындағы "Табачная-2" көшесі "Ақжайық" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шелек ауылдық округінің әкімі Е. Есенханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады