Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қарасай ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 тамыздағы № 45-6 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 28 тамызда № 5223 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 24-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 06.09.2022 № 24-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихатының "Экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы А. Көшкімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады