Шымкент қаласының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделуге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы

Күшін жойған

Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/390-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 сәуірде № 33 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/674-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды Шымкент қаласы мәслихатының 15.12.2020 № 72/674-6с шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен емделуге елді мекеннен тыс жерлерде тегін жол жүру берілсін.

      2. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының жоғары технологиялық медициналық қызметтер комиссиясының шешімі стационарлық, стационарды алмастыратын және консультациялық-диагностикалық көмек нысанында жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін негіз болып табылады.

      3. Жол жүру құнын төлеу емдеу орнынан шыққан күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей "Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ұсынылған мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылсын:

      1) ЖСН, тұрғылықты мекенжайы және ақша қаражатын аудару үшін банктің деректемелері көрсетілген еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке куәліктің және (немесе) туу туралы куәліктің көшірмесі;

      3) белгіленген үлгідегі емделуге жолдаманың көшірмесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 56272 тіркелген "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген № 001-3/е нысанды медициналық құжаттама);

      4) науқасты алып жүру қажеттілігі туралы медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы (№ 907 бұйрығымен бекітілген № 035-1/е нысанды медициналық құжаттама);

      5) емдеу алынғаны туралы ауру тарихынан үзіндінің көшірмесі (№ 907 бұйрығымен бекітілген № 027/е нысанды медициналық құжаттама);

      6) науқастың және (немесе) оны алып жүретін адамның атына ресімделген жол жүру фактісін растайтын жол жүру билеттері, ал олар жоғалған жағдайда емделу орнына дейін және кері қарай жол жүру құнын растайтын анықтамалар.

      4. Науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның жол жүру ақысын (тек науқасты ертіп барғанда) екі жаққа жүруіне әуе, темір жол көлігінде жүрдек поездың купе вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын, ал тас және қара жолдар бойынша - осы жердегі қолданыстағы жол жүру құны бойынша төлеу жүргізілсін.

      5. Басқарма емделуге жол жүру құнын төлеуді науқастардың және (немесе) олармен бірге жүретін адамдардың банктік карт-шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

      6. Шымкент қаласының мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жіберуді;

      4) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурcында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы М.Битеміров
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады