Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 572 "2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 697 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 қыркүйекте № 59 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 14 және 21-тармақтарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 572 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 50 тіркелген, 2019 жылғы 5 шілдеде "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға "Жергілікті бюджет есебінен 2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы" қосымшасының

      "

Шымкент қаласы білім басқармасының "Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

1211000

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

"Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі

121103 2

Тігінші

225

50

275

121107 2

Модельер-пішуші

50


50

1209000

Тоқу өндірісі (түрлері бойынша)

120901 2

Тоқушы

50


50

Барлығы

325

50

375

      ";

      деген қатары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Шымкент қаласы білім басқармасының "Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

1211000

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

"Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі

121103 2

Тігінші

169

50

219

121103 2

Тігінші (инклюзив)

32


32

121107 2

Модельер-пішуші

50


50

1209000

Тоқу өндірісі (түрлері бойынша)

120901 2

Тоқушы

50


50

Барлығы

301

50

351

      ".

      "

Барлығы қала бойынша

2192

537

2729

      ";

      деген қатары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Барлығы қала бойынша

2168

537

2705

      ".

      2. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 29 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      қала әкімі Е. Айтаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады