Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 192 "2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Мерзімі біткен

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 696 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 қыркүйекте № 60 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 3-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 192 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20 тіркелген, 2019 жылғы 15 наурызда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшаның 29 қатары

      "

29

1211000

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

350

күндізгі

28866,03

      ";

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

29

1211000

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

294

күндізгі

28866,03

      ".

      мынадай мазмұндағы 42 қатармен толықтырылсын:

      "

42

1211000

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу (инклюзив)

32

күндізгі

50558,28

      ";

      "



Жиынтығы

2729



      ";

      деген қатары мынадай редакцияда жазылсын:

      "



Жиынтығы

2705



      ".

      2. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 29 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      қала әкімі Е. Айтаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады