Талас ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 32-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 сәуірде № 4165 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 23-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талас ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы А.Майлыбаев

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы Б.Қарашолақов

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2019 жылғы "19" наурыздағы
№32-6 шешіміне қосымша

Талас ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі

Елді мекендердің атауы

Шақырым

Қатынас

1

Қаратау қаласы

15

№1 (Вокзал-Мақұлбек ауылы)

2

Қаратау қаласы

22,8

№3 (Орталық аурухана-Достық гүлзары)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады