"Тараз қаласында 2019 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы"

Жаңартылған

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 524 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 ақпанда № 4114 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-3) тармақшасына және 62 бабының 6-1 тармағына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тараз қаласында 2019 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ. Әбдірайымов

  Тараз қаласы әкімдігінің
2019 жылғы ___________
№___ қаулысына қосымша

Тараз қаласында 2019 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 13.11.2019 № 3940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Атауы

Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім алушылардың саны

Бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1-4 сынып тар

5-9 сынып тар

10-11 сыныптар

Жекеменшік мектептер

"АЗИЯ" жекеменшік арнайы комплекс-мектебі" мекемесі

72

15925

20475

23780

"Абылай-Сана-2003" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Інжу" балабақша, мектеп-гимназия" кешені

315

15925

20475

0

"R-плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "А-status" мектеп гимназия-балабақша" кешені

192

15925

20475

0

"Cәби-Жан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

68

15925

0

0

"Абылай-Сана-2003" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Інжу" балабақша, мектеп-гимназия" кешені

522

36125

40675

0

"Балалар білім орталығы "Эрудит" балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

15925

20475

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады