2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 59 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 ақпанда № 4102 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-3) тармақшасына және 62 бабының 6-1 тармағына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ү. Наймановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданының әкімі Б. Қазанбасов

  Жамбыл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы ___________
№___ қаулысына қосымша

2019 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 17.10.2019 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Атауы

Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім алушылардың саны

Бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1-4 сынып

5-9 сынып

10-11 сынып

"Санаторлық типтегі сауықтыру орталығы "Нұр-Әлім" балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

19943



     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады