Қарағанды қаласының Бейбітшілік бульварын және Нарманбет Төлепов көшесін біріктіру арқылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 18/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы XXIV сессиясының № 405 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 наурызда № 5258 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қаласының Бейбітшілік бульварын және Нарманбет Төлепов көшесін біріктіру арқылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта аталсын.

      2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов
      Қарағанды облыстық
мәслихатының хатшысы,
сессия төрағасы
С. Утешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады