Қарағанды облысының Баир өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 53/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қыркүйекте № 5482 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген), "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысының Баир өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу" бекітілген жобасына сәйкес Қарағанды облысының Баир өзенінің учаскесіне Су қорғау аймақтары, белдеулері белгіленсін.

      2. Осы қауылының 1 тармағында көрсетілген су объектісінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленсін.

      3. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігіне, "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы", "Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы", "Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемелеріне, мемлекеттік уәкілетті органдармен өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. "Қарағанды облысының Баир өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. "Қарағанды облысының Баир өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады