Барлық салықтөлеушілер үшін тіркелген салықтың мөлшерлемерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 387 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 мамырда № 5308 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 517 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 15.06.2020 № 517 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабына, Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қаласында барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың мөлшерлемері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы ХVI сессиясының № 169 "Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-82 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 134 (463) "Взгляд на события" газетінде жарияланған).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Мұхтаров
      Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2019 жылғы "25" сәуірдегі
XXXVII сессиясының
№ 387 шешіміне қосымша

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

5

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

7

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

4

4.

Ойын жолы

25

5.

Карт

4

6.

Бильярд үстелі

8

7.

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады