Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 410 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 мамырда № 5354 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505, 509 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық мөлшерлемені өсіру мөлшері және автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Мухтаров
      Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы
К. Бексұлтанов

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2019 жылғы "15" мамырдағы
XХХVIII сессиясының
№ 410 шешіміне қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін ұлғайған базалық ставканы ескерумен автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтің) типтері

Автотұрақтардың (паркингтің) санаты

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Қарағанды қаласының жерлеріне бір шаршы метр үшін салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

Базалық ставканың өсіру мөлшері

Өсіру мөлшерін есепке ала отырып (теңге), автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне базалық салық мөлшерлемесі

1

Жабық типтегі жерүсті ақылы автотұрақтар (паркингтер), ашық типтегі ақылы автотұрақтар (паркингтер), көп деңгейлі ақылы автотұрақтар

1

9,65

5

48,25

2

Ғимараттардың цоколдық және (немесе) жерасты деңгейлерінде орналасқан және мұндай ғимараттардың ажырамас бөлігі болып табылатын, азаматтардың меншігіндегі көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер) мен тұрақ орындары, ақы алусыз автотұрақтар (паркингтер), қызметтік тұрақтар, халықтың мобильдік тобының көлік құралдарының тұрақтары

2

9,65

1

9,65


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады