"Теміртау Мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен өндірілетін және өткізілетін ақылы қызметтеріне бағаларды бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 57/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 желтоқсанда № 5588 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 156-бабы 2-тармағына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Теміртау Мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен өндірілетін және өткізілетін ақылы қызметтеріне бағалар бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Жанатбекұлы Құттыбайға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ. Әшімов

  Теміртау қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "____"___________
№ ______ қаулысына
қосымша

"Теміртау Мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен өндірілетін және өткізілетін ақылы қызметтеріне бағалар

Р/с №

Ақылы қызметтің атауы

Өлшеу бірлігі

Баға (теңге)

1. Шығармашылыққа үйрету бойынша қызметтері

1.1

Вокалдық үйірмесіне (ұжымына) бару

1 ай, 8 сабақ

1400

1.2

Хореографиялық үйірмесіне (ұжымына) бару

1 ай, 8 сабақ

1400

1.3

Спорттық-балдық үйірмесіне (ұжымына) бару

1 ай, 8 сабақ

1400

1.4

Аспаптық үйірмесіне (ұжымына) бару

1 ай, 8 сабақ

1400

2. Іс-шараларды өткізу үшін жайларды ұсыну бойынша қызметтері

2.1

Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін көру залын ұсыну бойынша қызметтер

1 сағат

110000

2.2

Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін би залын ұсыну бойынша қызметтер

1 сағат

80000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады