Бұқар жырау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 22/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 мамырда № 5343 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 27.01.2023 № 07/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 27.01.2023 № 07/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 27.01.2023 № 07/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Бұқар жырау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сапар Каиркенович Сатаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ш. Мамалинов

  Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 15 мамырдағы
№ 22/01 қаулысына
1-қосымша

Бұқар жырау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 27.01.2023 № 07/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

1

Ботақара кенті

Қазыбек би көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі ғимаратының қарама-қарсы бағытында)

Абылай хан көшесі ("Универсал" дүкенінің оң жағында)

2

Ғабиден Мұстафин кенті

Корниенко көшесі ("Шаңырақ" кафесінің сол жағында)

3

Қушоқы кенті

Горняцкая көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі ғимаратының оң жағында)

4

Петровка ауылы

Школьная көшесі ("Продукты" дүкенінің оң жағында)

5

Жанақала ауылы

Ақжол көшесі ("Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "К.Боранбаев атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп ғимаратының сол жағында)

6

Ботақара ауылы

Тәттімбет көшесі ("Саликова" жеке кәсіпкер дүкенінің алдынғы жағында)

7

Көкпекті ауылы

Торговая көшесі ("Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімдігі ғимаратының сол жағында)

8

Байқадам ауылы

Школьная көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клубы ғимаратының оң жағында)

9

Сарытөбе ауылы

Школьная көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клубы ғимаратының оң жағында)

10

Тоғызқұдық ауылы

Орталық көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі ғимаратының сол жағында)

11

Қарақұдық ауылы

Айдильда Кыздарбеков көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клубы ғимаратының сол жағында)

12

Доскей ауылы

Доскей көшесі ("Аққұдық" кафесінің сол жағында)

13

Үштөбе ауылы

Абай көшесі ("Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімдігі ғимаратының сол жағында)

14

Сарыарқа ауылы

Достық көшесі ("Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Зареченская жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп ғимаратының сол жағында)

15

Құрлыс ауылы

Ыбырай Алтынсарин көшесі ("Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Ақжар негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп ғимаратының сол жағында)

16

Новостройка ауылы

Мұстафин көшесі ("Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "С.Т.Елгизек атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп ғимаратының сол жағында)

17

Суықсу ауылы

Бейбітшілік көшесі ("Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Суықсу ауылының аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімдігі ғимаратының сол жағында)

18

Шешенқара ауылы

Пискунов көшесі ("Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Шешенқара жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

19

Белағаш ауылы

Школьная көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клубы ғимаратының оң жағында)

20

Ақбел ауылы

Юбилейная көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клубы ғимаратының оң жағында)

21

Үміткер ауылы

Қылыш Бабаев көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клубы, ғимаратының сол жағында)

22

Үлгі ауылы

Қаныш Сәтбаев көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клубы ғимаратының сол жағында)

23

Керней ауылы

Алаш көшесі ("Камила" дүкенінің сол жағында)

24

Ақжар ауылы

Мектеп көшесі ("Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Сартау жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп ғимаратының сол жағында)

25

Алғабас ауылы

Достық көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клубы ғимаратының сол жағында)

26

Бұқар жырау ауылы

Сарыжайлау көшесі ("Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Бұқар жырау негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп ғимаратының сол жағында)

27

Ақөре ауылы

Достық көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клуб ғимаратының қарама-қарсы)

28

Тұзды ауылы

Школьная көшесі ("Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Тұзды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімдік ғимаратының оң жағында)

29

Баймырза ауылы

Бауыржан Момышұлы көшесі ("Дамир" дүкенінің оң жағында)

30

Астаховка ауылы

Бейбітшілік көшесі (бұрынғы мектепке қарама-қарсы)

31

Центральное ауылы

Садовая көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының сол жағында)

32

Гагарин ауылы

Гагарин көшесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің "Гагаринское" әкімшілік ғимаратының сол жағында)

33

Самарқанд ауылы

Ленинская көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдында)

34

Чкалово ауылы

Чкаловская көшесі ("Успех" дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы)

35

Қызылқайын ауылы

Лесная көшесі ("Бұқар Жырау ауданының орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ауылдық амбулатория ғимаратына қарама-қарсы)

36

Ростовка ауылы

Центральная көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің оң жағында)

37

Қызыл Жар ауылы

Школьная көшесі ("Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Киров негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп ғимаратының сол жағында)

38

Красная Нива ауылы

Школьная көшесі ("Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Краснонива негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп ғимаратының сол жағында)

39

Жаңаталап ауылы

Амангелді көшесі ("Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Жаңаталап ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімдігінің оң жағында)

40

Қаражар ауылы

Тәуелсіздік көшесі ("Жетісу" дүкенінің оң жағында)

41

Асыл ауылы

Габиден Мұстафин көшесі ("Әділ" дүкені ғимаратының жанында)

42

Волковское ауылы

Волковское көшесі ("Надежда" дүкені ғимаратының жанында)

43

Новоузенка ауылы

Новоузенская көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клубы ғимаратының сол жағында)

44

Нұра станциясы

Шоссейная көшесі ("Дастархан" кафесіне қарама-қарсы)

45

Тасауыл ауылы

Орталық көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клубы ғимаратының сол жағында)

46

Май-Өзек ауылы

Май-Озек көшесі ("Tir Parking" кемпингінің сол жағында)

47

Андренниковка ауылы

Школьная көшесі ("Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Андрейников негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп ғимаратының сол жағында)

48

Ақтөбе ауылы

Алаш көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клубы ғимаратының оң жағында)

49

Ынтымақ ауылы

Интумак көшесі (Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны клубы ғимаратының оң жағында)

  Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "__" ___________
№____ қаулысына
2 қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 27.01.2023 № 07/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "__" ___________
№____ қаулысына
3 қосымша

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 04/01 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-11-112 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 наурызда № 9 "Сарыарқа" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;

      2) Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы "Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 04/01 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 09/01 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3029 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 14 наурызда № 10 (1096) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;

      3) Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Депутатқа кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 35/04 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-11-126 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 52 "Сарыарқа" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;

      4) Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы "Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 35/04 "Депутатқа кандидаттардың сайлаушыларымен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 02/01 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3644 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 6 ақпанда № 5 (1143) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады