Осакаров ауданының аумағында қосымша білім беру коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен жүзеге асырылатын білім беру қызметіне бағаларды бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 28/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 5338 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 156 бабының 2 тармағына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымша білім беру коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен жүзеге асырылатын білім беру қызметінің бағалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің орынбасары А.Қ. Шалабаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Кобжанов

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "____" _______
№ _________ қаулысына
қосымша

Қосымша білім беру бойынша коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен жүзеге асырылатын білім беру қызметінің бағалары

Қосымша білім беру ұйымының атауы

Көрсетілетін ақылы білім беру қызметінің тізімі (үйірмелер, бөлімдер, курстар)

Қосымша білім беру ұйымындарында 1 үйірме үшін айына төленетін ата-ана төлемі

1

"Осакаров ауданының балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Аспаптық сынып, вокал сыныбы, хор сыныбы, оркестр сыныбы, ерте эстетикалық дамыту бөлімі, хореография бөлімі, театрлық бөлімі, көркемөнер бөлімі, даярлық курсы (көркемөнер мектебі бойынша), бейіндік бағдарлау курсы (көркемөнер мектебі бойынша), филиалдары (көркемөнер мектебі), спорттық-сауықтыру бөлімі, туристік-өлкетану бөлімі, бейіндік және кәсіпке дейінгі бөлімі, көркемдік-эстетикалық бөлім, лингвистикалық орталық

1700 теңге

2

"Осакаров ауданының оқушыларға қосымша білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Тіл дамыту үйірмесі, математика, ағылшын тілі

1500 теңге

Хореография

500 теңге

Вокал үйірмесі, қуыршақ- театр үйірмесі, бейнелеу өнері, тігін тігу өнері бойынша үйірмелер, спорттық-сауықтыру бағыттағы үйірмелер, туристік-өлкетану бағыттағы үйірмелер, сәндік-қолданбалы үйірмелер, үй шаруасы бойынша үйірме, қазақ тілі

300 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады