Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/166 "Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 32/284 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 қыркүйекте № 5471 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы №20/166 "Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4684 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірдегі №16 (10688) "Шет Шұғыласы" газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 19 сәуірінде электрондық түрде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      Шет ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г.А. Мукушев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Төлеуқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады