Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы ХХХIV сессиясының № 34/238 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 21 қарашадағы № 35/343 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 5545 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/74 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 22.12.2023 № 12/74 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы ХХХIV сессиясының № 34/238 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2690 тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдедегі № 30/363 "Приозерский вестник" газетінде, 2014 жылғы 29 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:

      8 тармағы келесідей мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар;".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Әбдімүталіпов
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Сарсембеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады